Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Сейсенбаев Роллан

Сейсенбаев Роллан

Сейсенбаев Роллан

Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы 11 қазанда Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Іскер жас жігіт облыстық комсомол комитетінде, қалалық атқару комитетінде қызметтер атқарған. Мәскеудегі М.Горький атыңдағы Әдебиет институты жанындағы жоғарғы курсты бітірген соң, институт жанындағы КСРО Жазушылар одағы басқармасының қазақ әдебиеті жөніндегі кеңесінің жауапты хатшысы болған.

Қазақ жазушысын өз жұрты ғана емес, өзге жұрт та таныды.

Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрді. «Оның «Тау басында түйіскен жол», «Түнгі диалог», «Сағынтып жеткен жаз еді» кітаптары қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жетті. Жазушы жиырма жылдан астам уақыт Мәскеуде Жазушылар Одағы қазақ әдебиетінің өкілі болып қызмет атқарады. 1978 жылы «Өзімді іздеп жүрмін» повесі, 1978 жылы «Өмір сүргің келсе» романы, 1978 жылы «Последний снег» әңгімелер жинағы, 1980 жылы «Всего одна ночь» повестер мен әңгімелер жинағы, 1981 жылы «Сағынып жеткен жаз еді» повесі мен әңгімелері, 1983 жылы «Если хочешь жить» романы мен повестері, 1984 жылы «Возвращение Казыбека» повестері мен әңгімелері, 1986 жылы «Тау басында түйіскен жол» романы мен повесі, 1986 жылы «Трон сатаны» романы жарық көрді. «Всего одна ночь», «Если хочешь жить», «Дни октября», «Трон сатаны» т.б. кітаптары орыс, ағылшын тілінде шықты.

Төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп қойды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды.

Роллан Сейсенбаев тек проза ғана емес, драмалық шығармалар да жазды. Оның «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды.

1999 жылы Семейде Р. Сейсенбаевтың қатысуымен Халықаралық Абай клубы ашылған. Ол «Аманат» әдеби альманахын шығара бастады. 2005 жылы «R.S.» Баспа үйін құрды.

Роллан Шәкенұлы «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» (1968) медалімен, Қазақстан ЛЖКО ОК Құрмет Грамотасымен (1969), Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен (1972), БЛЖКО Орталық комитетінің Құрмет Грамотасымен (1973), «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1986). Замандас туралы үздік пьесасы үшін Бүкілодақтық Жас драматургтер сайысының лауреаты атанған. КСРО Жазушылар одағы және ЛЖКО ОК лауреаты (1975), Қазақстан Ленин Комсомолы Сыйлығының лауреаты (1978), БКООК сыйлығының және «Өмір сүргің келсе» романы үшін Жазушылар одағының лауреаты (1982), «Тарлан» Қазақстан бизнесмендері Тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2008). Әлемдік мәдениетке сіңірген еңбегі үшін Польша Республикасының «Золотой Офицерский Крест» (2006 ж.), Венгрия Республикасының «Большой Золотой Рыцарский Крест» (2006 ж.), Куба Республикасының «Достық Орденімен» (2006 ж.) марапатталған.

Антуан де Сент-Экзюпери атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, мұндай шешім Германия мен Францияның әдебиет, өнер мен мәдениет қайраткерлерінің «Глория-Лион» ассоциациясы бірауыздан қабылдаған. Джек Лондон атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (2018).

Р.Сейсенбаев Семей қаласының және Санта-Марина қаласының Құрметті азаматы.