Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Шапенова Бакытжан Сагдатовна

Шапенова Бакытжан Сагдатовна

Шапенова Бакытжан Сагдатовна – 1972 жылы Бесқарағай ауданы Башкуль ауылында дүниеге келген. 1993жылы Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық университетін тамамдаған.

Қазіргі таңда Семейдің №19 жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздық қызмет жасап, қыз балаларды қолөнерге баулып, шәкірт тәрбиелеуде. Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Біз кесте техникасымен картиналар тігіп, құрақ құрайды. Ұлттық нақыштағы кәдесый бұйымдарын, ұлттық киімдегі қуыршақтар жасайды.

Түрлі дәрежедегі қалалық , облыстық, республикалық көрмелерге, фестивальдарға, сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, марапатталды. «Шығыс кәдесыйлары» көрме- сайысы, Елордада 2010-2018 жылдардағы Астана күніне арналған іс-шара аясында өткен «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көрмеге қатысып, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын ұсынып, марапатқа ие болған.

2023 жылы Елордамыздың 25 жылдық мерейтойына арналған «Елорда базары» көрмесіне қатысып, Астана қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Абай облысы бойынша өткен «Асыл Мұра» қолөнер шеберлері сайысының жүлдегері. (2023ж.) . 2023 жылы Рәміздер күніне орай өткен іс шарасы аясында болған Республикалық «Аламан құрақ» жобасына Абай облысы бойынша жалғыз қатысушы, аты Республика бойынша 200 Құрақшымен бірге Қазақстан рекордтар кітабына (КИНэС) енген.