Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Өмірбаева Парияда Сүлейменқызы

Өмірбаева Парияда Сүлейменқызы

Өмірбаева Парияда Сүлейменқызы 1966 жылы қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген.

Сәндік қолданбалы өнер шебері, дизайнер. Негізгі шикізат саз балшық.Қосымша қой жүнінен сәндік бұйымдар жасайды. (бас киім, картина, қуыршақ).

Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін аяқтаған.Қазіргі уақытта облыста керамикалық өнерді дамытумен айналысады.

«Таңба ЖК» дизайнері, «Жастар шығармашылығы сарайында» қолөнер үйірмесінде қызмет атқарған.Республикалық, облыстық, қалалық көрмелерде, оның ішінде: «Керуен Сарай» Орталық Азия қолөнершілер көрме-жәрмеңкесінің қатысушысы және жеңімпазы.

"Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы" бағыты аясында

"Бір ауыл- бір өнім" жобасы 2023 жылғы финалисті (Абай облысы), Қыш бұйымдар, саз сырнай музыкалық аспаптар жасаушы шебер ретінде, үш тілде жарық көрген" STEPPE PRODUKTS" Халықаралық ұлттық өнімдер жасаушы шеберлер каталогына есімі енгізілген. (2023).