Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Асхан Сейлбег

Асхан Сейлбег

Асхан Сейлбег 1969 жылы шілденің 17-сі дүниеге келген.

«Алтын оймақ» бизнес жобасының авторы, ұлттық қолөнер бұйымдарының шебері.Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі.Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі. «Ұлы жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» халықаралық шеберлер жәрмеңкесі жеңімпазы

«ШЫҒЫС КӘДЕСЫЙЫ» облыстық фестиваль байқауында

«ЖОҒАРЫ ШЕБЕРЛІК» номинациясы бойынша ІІ орын иегері.

«Асыл мұра» бірінші облыстық халықтық сәндік-қолданбалы өнер байқау фестивалінде «Дәстүрге адалдық» номинациясының иегері.

Қазақстанда «ХАС ШЕБЕР» қауымдастығының ұйымдастыруымен ұзындығы-15 метр,ені 6 метр қолөнер шеберлерінің туы тігілгендігіне қатысқаны үшін сертификат берілді. Қазақстанда алғаш рет қолөнер шеберлерінің туы тіркеліп, Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді.

Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды дамыту жолында Тәуелсіздік күні қарсаңында «Хас шебер» республикалық қолөнершілер фестивалінің қатысушысы.