Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Бокпасарова Айман Ибраевна

Бокпасарова Айман Ибраевна

Бокпасарова Айман Ибраевна 1945 жылы 28 шілдеде дүниеге келген.

Көркемөнерпаздар шебері, қоғам қайраткері. «Айша бибі» қалалық қазақ мәдени орталығы «ҚБ төрағасы, қалалық және облыстық көрмелердің, жәрмеңкелердің ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы: жыл сайынғы облыстық сәндік-қолданбалы өнер көрмесі (Өскемен қ.); Қызыл қаласындағы киіздің IV халықаралық фестивалі (Тыва Республикасы); Шығыс Қазақстан Облысындағы сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкелері Алтай өлкесі (Барнаул қ.); сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі (Астана қ.), Қазақстанның түрлі қалаларындағы республикалық фестивальдар мен қолданбалы өнер конкурстары. Қазақ қолданбалы өнерінің дәстүрлі техникасымен айналысады және Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен және Семей қалаларында ұйымдастырылған түрлі қолөнер тренингтеріне қатысуды жалғастыруда.

Белсенді қоғамдық жұмысы үшін «Бірлік» алтын медалімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталған. ШҚО қолөнершілер ресурстық орталығының активіне кіреді. Семей қаласындағы ШҚО РО филиалының үйлестірушісі.