Үмітқалиев Ұлан Үмітқалиұлы
Үмітқалиев Ұлан Үмітқалиұлы (07.01.1978) - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. 1978 жылы 7 қаңтарда Семей облысы Абай ауданының Құндызды ауылында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірді. 2010 жылы “Ә.М.Оразбаевтың Қазақстан археологиясына қосқан үлесі” атты зерттеуімен кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылыми қызығушылығы - Қазақстанның қола және ерте темір дәуірі археологиясы. Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті, археология және этнология кафедрасының меңгерушісі.
Ұлан Үмітқалиұлы – қайрат-жігері, күш-қуаты мол ұстаз. Оның кафедра басшысы ретінде еңбегінің нәтижесінде отандық және шетелдік ғалымдар мен студент жастар арасында кездесу ұйымдастырылып, әр түрлі тақырыпта ғылыми танымдық семинарлар өткізіліп жүр, студенттердің білімге, ғылымға деген қызығушылығын арттырудағы еңбегі орасан.
Ұлан Үмітқалиевтің “Қазақ археологиясындағы Ә.М.Оразбаев тұлғасы” атты монографиясы бар.