Қасымбаев Жанұзақ Қасымбайұлы
Қасымбаев Жанұзақ Қасымбайұлы (25.12.1941-26.02.2004) – ғалым, тарих ғылымның докторы, профессор, Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі, Қазақстанның білім беру ісіне еңбегісің қайраткері, «Парасат» орденінің иегері.
Жанұзақ Қасымбайұлы Семей облысы Аягөз ауданы Баршатас селосында дүниеге келген. 1959 жылы Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық училищесі, 1959-1960 жж. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде білім алған.
600-ге жуық мақалалардың авторы, Ж.Қасымбаевтың редакторлығымен 40 шақты монография, ғылыми жинақтар жарық көрді. Әсіресе, қазақ хандары (Кенесары, Айшуақ, Жантөре т.б.), XIX-XX ғасырлары басындағы қазақ-қытай керуен саудасы, қалалар тарихы (Семей, Ақмола) туралы көлемді зерттеулері жоғары баға алды.
«Семей қаласының тарихы (1718-1917)» атты монографиясында автор Семей қаласының революцияға дейін Қазақстандағы ең ірі сауда орталығы болғанын, Ресей мен Қазақстанның, Батыс Қытай қалаларымен экономикалық қарым-қатынастарының дамуына үлес қосқанын, Семей қаласы өз заманының үздік өкілдері болған революционерлер мен демократтарға саяси мекен болған жер екенін және олардың қатысуымен осы қалада көптеген тарихи оқиғалардың болғанын зерттеді.
Профессор Қасымбаев Жанұзақ 2004 жылдың 26 ақпаныңда жүрек талмасы салдарынан қайтыс болды.