Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Кенемолдин Мұратбек Мүфтиұлы

Кенемолдин Мұратбек Мүфтиұлы

Кенемолдин Мұратбек Мүфтиұлы (08.08.1958) – алаштанушы, қаламгер-тарихшы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі (1993), Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2017).

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Би Боранбай ауылында 1958 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих және құқық факультетін үздік бітірген. Алғашқы шығармашылық еңбек жолын 1985 жылы Шар аудандық «Достық туы» («Знамя дружбы») газетінде аудармашы, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдан «Семей таңы» газетінде аға әдеби қызметкер, әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.

2000-2016 – «Демократия» газетінде, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Шәкәрімтану орталығында, «Абай» республикалық журналында шығармашылық қызмет етті. 2017 жылдан Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің жетекші ғылыми қызметкері.

Алаш қозғалысы тақырыбына арналған қырыққа жуық архивтік деректерге негізделген материалдары жарияланған.

«Өнегелі өмір асулары», «Қыран тағдыр» «Аңшы Жекен» сынды тағы бірнеше кітаптардың авторы. Еуразия университетінің «Мәңгі Ел» журналының 2016 жылғы № 01-02 нөмірінде Ш. Уәлиханов туралы мақаласы жарияланған. Зерттеу еңбектері мен өмірбаяны «Шәкәрім» энциклопедиясы, «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығына енген.