Исин Амантай Исаұлы
Исин Амантай Исаұлы (15.12.1951) – тарих және педагогика факультетінің 1974 жылғы түлегі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
1951 жылы 15 желтоқсанда Семей облысы, Абыралы ауданының Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1959-1963 жж. Қайнар орта мектебінде, 1963-1969 жж. Алматы қаласындағы №25 орта мектебінде оқыды.
1969 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына түсіп, оны «тарих және педагогика» мамандығы бойынша 1974 жылы үздік белгімен бітіріп шықты. 1974-1979 жж. Семей қаласындағы №13 орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1980-1982 жж. Халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту жұмыстардың Семей облыстық ғылыми-әдістемелік орталығында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, облыстық «Семей таңы» газетінің тілшісі қызметтерін атқарды.
1983 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына оқытушылық қызметке ауысады. 1984 жылы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының Оқытушы мамандар факультетін «тарих» мамандығы саласында «орта ғасырлар тарихы» мамандануы бойынша бітірді. 1985-1987 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасында оқыды. 1988 жылы Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «16-ғасырдағы Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасының өзера қарым-қатынастары» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.
1988 жылы Семей мемлекетік педагогикалық ипнститутында қызметін одан әрі жалғастырды. Ол республикалық «Абай» журналының ғылыми қызметкері. Академик Манаш Қозыбаев атындағы тарихи және әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми орталығы аясында қызмет ететін Семей педагогикалық институты археологиялық және Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы Семей біріккен археологиялық экспедицияларының жетекшісі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Археология институты, «Археология» ЖШС және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологтарымен бірге 1999-2002 жж. ШҚО Абай ауданында Текебұлақ-1 қола ғасыры қорымын, 2003-2008 жж. Сарыкөл түркі заманы кешенін, 2003 ж. Зайсан ауданындағы ертетемір заманының Шілікті-2 алтын қорғанын, 2008 ж. Алматы облысындағы Ойжайлау ертетемір қорғанын, 2009 ж. Тарбағатай ауданындағы Базаршат ертетемір қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына қатысты. Бұл саладағы ерекше жетістік – бүгіндері ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайында сақтаулы, халық игілігіне айналған, 2003 ж. 31 мамырда оның басшылығымен Сарыкөлде, түркі заманының жерлеу кешенінен табылған алтын, күміс, темір, қола заттар.
Ол 100-ден арта ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 1 оқулықтың авторы.
Амантай Исаұлы Қазақстан Республикасы Ақпарат және мәдениет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.