Зарифова Мадина Абдрахманқызы
Зарифова Мадина Абдрахманқызы (26.06.1948) – 1971 жылғы тарих факультетінің түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғалым хатшысы.
1948 жылғы 26 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Семей қаласындағы №14 мектепте бастап, 1971-1979 жылдары тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1979 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына оқытушылық жұмысқа ауысты.
1982-1985 жылдары Мәскеу қаласындағы КСРО ПҒА Әлеуметтану және жастар институтының (НИИ СиМО АПН СССР) мақсатты аспирантурасында «13.00.02 – тарихты оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша білім алды.
1986 жылы «Одақтас республиканың тарих оқулығының әдістемелік негіздері» тақырыбында диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 1993 жылы доцент ғылыми атағы беріліп, Педагогикалық білім берудің халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі атанды. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
1997-2000 жылдары Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының тарих кафедрасын, ал 2001-2003 жылдары «Семей» мемлекеттік университетінің тарих кафедрасын басқарды. Шамамен 10 жыл гуманитарлық, кейін тарих факультетінің деканы қызметін атқарды.
Білім беру және педагогика ғылымы саласындағы ерекше еңбегі үшін Ы.Алтынсарин атындағы медальмен және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Зарифова М.А. – педагогикалық білім берудің халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, «Қазақстан тарихы: мектепте оқыту» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциялық алқа мүшесі. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін оқу және жазу» (Демократиялық білім беру орталығы), «Балаға ізгі қарым-қатынас мектебі» (ЮНИСЕФ) жобаларының қатысушысы, Семей татар қоғамдық орталығы Президиумының мүшесі.