Аманжолова Дина Ахметжанқызы
Аманжолова Дина Ахметжанқызы (19.03.1957) – 1980 жылғы тарих-педагогика факультетінің түлегі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей мемлекеттік туризм және сервис университетінің (РМТжСУ, Мәскеу қ.) кафедра меңгерушісі.
1957 жылғы 19 наурызда Семей облысы Бородулиха ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетін үздік бітіріп, осы жоғары оқу орнында оқытушы болып қызмет атқарды.
1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жалпы білім беретін мектеп тарихы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1995 жылы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде докторлық диссертациясын қорғады. 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік энергетика институтының тарих және мәдениет кафедрасында профессор ғылыми атағы берілді.
Қазіргі уақытта Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік туризм және сервис университетінде (РМТжСУ) жұмыс істейді. Туризм және қонақжайлылық институтінің – РМТжСУ филиалының қоғамдық ғылымдар кафедрасын басқарады. Бірқатар ғылыми журналдардың редакциялық алқа мүшесі: «Алаштану» (ҚР), «Исторический архив» журналының тақырыптық саны (РФ), «Современные проблемы сервиса и туризма» (РФ), «Тарихи-мұрағат журналы» (ҚР). РМТжСУ-дағы (РФ) тарих және философия ғылымдары бойынша, сондай-ақ Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі тарих ғылымдары бойынша диссертациялық кеңестердің мүшесі.
150-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектің, оның ішінде 15 монография мен 7 оқу құралының авторы. Еңбектері Ресейде, Қазақстанда, Англияда, Германияда, Францияда, Жапонияда жарияланған. 6 тарих ғылымдарының кандидатын және 1 тарих ғылымдарының докторын дайындаған.