Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Жаканов Баян

Жаканов Баян

Жаканов Баян Багдатович Абай облысы Үржар ауданы, Ақжар ауылында 1995 жылдың 21 маусым айында дүниеге келді. Ұлты- қазақ. 2000 жылы Үржар ауданындағы Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 2012 жылы 11 сыныпты бітіріп шықты. 2017 жылдың қазан айынан бастап жедел басқару құқыныдағы Үржар ауданы әкімдігінің мәдениет үйіне қабылданып, қазіргі таңда әртіс ретінде қызмет атқарады.

2017 жылы Үржар ауданының 90 жылдығына арналған аудандық айтыстың бас жүлде иегері.

2017 жылы «Ел айбыны- жыр айдыны- Алакөл» атты республикалық айтыстың қатысушы болды.

2017 жылы ҚР Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Ақмола облысы Қорғалжын ауданында «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символизмі» атты республикалық байқау-фестивалінде «Театр номинация» бойынша жүлделі 1 орынға ие болса, шәкірті Манарбек Ықылас 2 орынды иеленді.

2018 жылы «Сыр сандық» атты жас ақындар үйірмесін ашып, 20 шәкірт тәрбиелеуде.

2019 жылы «ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай жас ақын Баян Жақанов «Мәдениет үздігі-2019» төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылында қасиетті «Мәуліт» мерекесіне орай арнайы облыстық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды.

2020 жылы «Ең үздік Жас ақын» номинациясының иегері атанды.

2021 жылы «Тәуелсіздік тартуым» ауданда өткен жаңа ән бәйгесінде «Тәуелсіздік- тәңір сыйы» әнінің авторы Б.Жақанов 1 орынды жеңіп алды.

2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ШҚО әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

2022 жылы Тассай ауылының 50 жылдығына арналған айтыста Баян Бас жүлдеге ие болды.

2022 жылы мәдениет саласының қорытындысы бойынша «Мәдениет жетістігі» аталымының иегері атанды.

2023 жылы «Үздік жас ақыны» аталымының иегері болды.

2023 жылы «Жылдың жас дарыны» аталымына ие болып, Абай облысының әкімі Н.Ұранхаевтың Дипломымен марапатталды.

2024 жылы ақын С.Жансақовтың 70 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысында 2 орынды жеңіп алды.

Қазіргі таңда аудан көрермендері сүйіп тыңдайтын және әлеуметтік желіде танымал "Жалған дүние", "Қазақ тілім", "Өмір", "Махаббат заңы", "Қазақтың тойы" атты әндердің сөзінің авторы. Сонымен қатар, Баян Бағдатұлының "Өмір деген - бар болғаны бір апта", "Қылмыскер қыз" өлеңі оқырмандар арасында өте танымал.