Айбек Сапышев
Сапышев Айбек (1955-2022) Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын, дарынды драматург, журналист Айбек Сапышев 1955 жылы Семей облысы Көкпекті ауданы Большевик ауылында дүниеге келген. Үлкен атасы Ыбырай қажының текті қасиеті әкесі Тілеуханның ақындығына ұласқан. Шешесі Бану марқұм да еліне елеулі күйші, өнерді бағалайтын зерделі болған деседі. 1972-1974 жылдар аралығында әскер сапында сап түзеп, запастағы офицер болады. 1976-1980 жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтына түсіп, 1980 жылы филолог мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1980 жылдан бастап өнер саласында еңбек етеді. 1980-1982 жылдары облыстық ғылыми-методикалық орталығында нұсқаушы, 1982-1986 жылдары «Ертіс оттары» газетінде тілші, 1986-1989 жылдары Жаңасемей аудандық газетінің аға тілшісі, бөлім меңгерушісі, редактор орынбасары, кейінгі жылдары «Ақиқат» газетінің бас редакторы, қалалық мәдениет басқармасының маманы қызметтерін атқарып абыройға бөленеді. Айбек Тілеуханұлыұлының драма саласындағы шығармашылық жемісті уақытының бірі 2004-2010 жылдараралығы еді. Осы кезеңде театр репертуарын қалыптастырып, қойылымдардың көркемдік дәрежесін көтеруге, спектакльдердің тілдік ерекшеліктерін талдап, заман талабына сай өңдеуге ұмтылған ол, тетрдың табысқа жетуіне зор үлес қосқан еді. Атап айтсақ, «Үлкен жүрек», «Жеңімпаз күншуақтары», «Қаракерей Қабанбай», «Үш королы», «Замана беті», «Азия мен Европа», Кере хан – хан Жәнібек», Қаһарман Қасым», «Қара пима» (инцинировка), «Мұзбалақ», «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Театр саласында қызмет етіп, драмада қалам тербеген автодың театрландырылған көріністер мен инценировкаларды да сәтті тудырғанына көз жеткізу үшін оның 2010 жылы жарық көрген «Мұзбалақ» пьесалар жинағын оқып шықсаңыз жеткілікті деп айтуға болады. Ол театр, жалпы өнер мәселелері жөніндегі жүздеген мақалалардың және Семей театры туралы кітаптың редакторы. Ақынның, әр жылдарда жарық көрген жыр жинақтары «Ақ сәуле», «Ақ берен» «Қайран шешем», «Қанат қақты» және әңгімелері кезінде оқырман қауымның лайықтй бағасын алған шығармалар. «Ақ берен» Ауған соғысы тақырыбына арналған тұңғыш поэма. Қаламгердің ел арасына кең тараған әндері де баршылық. Ол жазған жырларға Теміржан Базарбаев, Мәуліт Рахымбаев,Тұрсынғазы Рахимов, Марат Омаров сынды сазгерлерге ән шығарды. Ақынның қырықтан астам жүрек сөзі көпшілікке кең тынысты музыкалық туынды болып тарады. Ақын шығармалары Отанды сүю, азаматтық, ел мен жер тақырыптарына арналған. А.Т.Сапышев екі мәрте «Жігер» фестивалінің жүлдегері, екі жыр жинағы «Қанат қақты» (1980), «Ақ берен» (1998) жарық көрген. 2009 жылы Айбек Тілеухан деген есіммен «Тана мырза» атты танымдық шығармасы жарық көрді. Шығармалары әлде неше рет «Жұлдыз», «Жалын», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», «Семей таңы», «Ертіс өңірі» т.б басылымдарда топтама түрінде жарияланған және баспасөз беттерінде ақын шығармалары жөнінде Төкен Ибрагимов, Ұлықбек Есдәулетов, Несіпбек Айтов, Тұрсын Жұртбай, Мейірхан Ақдәулетов, Әубәкір Қайранов жылы лебіздер білдіреді. Сапышевтың ән мәтіндерін жазу саласында да өзіндік қосқан үлесі зор. «Шығыс әскери округы маршы», «Қабанбай атындағы дивизия маршы», «Сарбаздар сөзі» атты шығармалары Қазақстан Қорғаныс министрі тарапынан арнайы жүлдемен марапатталған. Ақын ана тіліндегі тұңғыш әскери марштардың авторы. Өнер саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін қала және облыс басшыларының алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталған. Айбек Сапышев 2022 жылдың 23-ші желтоқсан айында дүниеден өтті.