Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Нұрқасым Құсмілия

Нұрқасым Құсмілия

НҰРҚАСЫМ ҚҰСМИЛЯ

Нұрқасым Құсмиля - ақын, әнші,өнертанушы, мәдениеттанушы, 1949 жылы 25 мамырда Семей облысы, Үржар ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. Елтай ауылдық мектебін бітіргеннен кейін Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының (қазіргі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті) «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетіне оқуға түсіп, Қ.Мұхамедханов, К. Шаяхметов сынды қазақ әдебиеті майталмандарынан білім алған.

Институттан кейін орта мектепте мұғалім, мектеп директоры, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, совхоз партия комитетінің хатшысы, Үржар ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшы лауазымында жұмыс істеді.

Ол Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алаш қозғалысының 90 жылдығын мерекелеу туралы ұсыныс жасап, ол Республика аясында қолдау тауып, атап өтілді. Шәкәрімнің 150 жылдығын мерекелеу қарсаңында Семей қаласы ақынға ескерткіш орнатудың бастамашысы болды, сондай-ақ оның арқасында республикадан тыс жерлерге танымал әнші Ә.Қашаубаевқа ескерткіш орнатылды. Қ.Мұхамедханұлының мемориалдық кешенін орнатуға бастамашылық жасаған.

«Ұмытпандар мені» атты кітабы жарық көрген.

Ақын айтыс өнеріне де өз үлесін қосқан. Қазақстанның 70 жылдығына, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстардың жүлдегері болған. Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетінің ашылуына және Ақсуат аудандық театрының 30 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысында жеңімпаз атанды.

Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған Гала-концерт Қ. Нұрқасымның «Абай тойына тойбастар» әнімен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Астана қаласында өткен мерекелік концерт ақынның «Тәуелсіздік толғауы» әнімен ашылды. Қ.Нұрқасым «Астана-Байтақ», «Тарбағатай», «Семей-Алаш», «Қалалық қазақ», «Мен сені сағынғанда», «Барқытбел тауым-байрағым», «Төлегетай», «Соқырдың таңы» сияқты көптеген әндердің авторы, Абай Құнанбайұлының «Өлсем орным қара жер...» өлеңіне ән жазған.

Қ.Нұрқасым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» белгісімен марапатталды.