Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Абай театрына басшы тағайындалды

Абай театрына басшы тағайындалды
Бірыңғай конкурстық комиссия отырысының №2 хаттамасына және Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының 2026 жылғы 20 қаңтардағы №9 бұйрығына сәйкес, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.Нартай Сауданбекұлы (Нартай Сауданбекұлы Сарсебаев) — 1977 жылы 22 қарашада, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. Кино және театр актері, жазушы, драматург, аудармашы, тележүргізуші, сондай-ақ, дубляж актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері[.Өмірбаяны:Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл.Драматургия саласындағы жетістіктері:Батыс Қазақстан өңірінде «Аманат», «Алыптар», «Мұқағали мен Нұрғиса» атты пьесалары сахналанды. «Шемен», «Аманат», «Алыптар», «Қамбардың тасы», «Система», «Тасбақа Үміт» атты пьесалар мен 10 шақты аудармалардың авторы.Марапаттары:• 2010ж. – «ҚР Мәдениет қайраткері»• 2012ж. – «Ізденіс іздері» фестивалі: «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы.• 2012ж. – Ортаазиялық театр фестивалі: «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы.• 2022ж. – «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.• 2022 жылы «ГОК» жобасындағы Арман Кибарев рөлі үшін «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.• 2023ж. – Ш. Жандарбекова атындағы республикалық фестивалі: Ең үздік ер адам бейнесі номинациясы.• 2024ж. – Ш. Айтматов атындағы халықаралық театр фестивалі: Ең үздік ер адам бейнесі.Медиа саласындағы еңбектері• 2018ж. – 2020ж. Қазақ радиосында «Сахна сыры» авторлық бағдарламасының жүргізушісі.• 2022ж. – 2023ж. «Ел» бағдарламасының жүргізушісі.• 2023ж. – 2024ж. «Мәртебелі өнер» бағдарламасының жүргізушісі.