«Белгісіз бағыт» спектаклінің авторы мен режиссері Алғыс хатпен марапатталды
Облыстық терроризмге қарсы комиссия төрағасы мен Абай облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында Абай атындағы театр сахнасында «Белгісіз бағыт» спектаклі қойылды.Қойылымның авторы – белгілі ақын Мерей Қарт. Оннан астам рет сахналанған спектакльдің негізгі идеясы – ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі саналатын терроризм мен экстремизм қатеріне қоғам назарын аудару.Аталмыш қойылым Абай облысының Үржар және Аягөз аудандарында да сахналанып, мыңнан астам көрерменді қамтыды.Спектакльді сахналаған – «Дариға-ай» жастар театры. Өнер арқылы қоғамдағы жат қылықтар және теріс ағымдармен күреске үн қосып, экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін қойылым авторы Мерей Қарт пен қоюшы режиссер Еркебұлан Нұғыманов облыс әкімі Берік Уәли тарапынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды.Мазмұны терең, әлеуметтік астары айқын туынды көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, жоғары деңгейде өтті және көтерілген тақырыбы арқылы көпшілікті бейжай қалдырмады.