Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі жыл қорытындысын гала-концертпен түйіндеді

Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі жыл қорытындысын гала-концертпен түйіндеді
Облыс әкімдігінің қолдауымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің «Жан тербетер әуен» атты қорытынды гала-концерті өтті. Музыкалық кеш бір жыл бойы атқарылған еңбектің нәтижесін көркем түрде түйіндеді.Кеш барысында Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен вокалдық ансамбльдің орындауында эстрадалық және симфониялық бағыттағы шығармалар ұсынылды. Бағдарлама жанрлық үйлесімімен ерекшеленіп, ұжымның кәсіби деңгейі мен орындаушылық мәдениетін айқындады.Сахна төрінде оркестр солистері Қайсар Мұхтар, Анастасия Фишер, Олжас Оспан, Айгерім Тоқтыбаева, Боранбай Қалибаев, Нұрбек Амантұрұлы, Алтынай Алатаева, Серікбол Сейілханов өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаны оркестрдің бас дирижері Кенжегүл Ақшекина басқарды.«Жан тербетер әуен» концерттік бағдарламасы Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің шығармашылық мүмкіндігін кеңінен танытты.