Абай облысында Архивист күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Жиын барысында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан архив саласында еңбек етіп жүрген мамандарға тиянақты әрі жауапты қызметі үшін алғыс білдіріп, бұл бағыттағы өзекті мәселелер мен заманауи сын-қатерлерге тоқталды. Сонымен қатар ұжымдарға алдағы қызметінде табыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.Іс-шара аясында архивистер «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен», сондай-ақ Абай облысы әкімінің және басқарма басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.Салтанатты жиын Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония әртістерінің музыкалық нөмірлерімен қорытындыланды.