Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Жарма ауданы әкімдігінің “Жарма аудандық мәдениет сарайы„ коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Жарма ауданы әкімдігінің “Жарма аудандық мәдениет сарайы„ коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 92 мекенжайында орналасқан. +7 72347 6 5728, +7 72347 6 5733

Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма аудандық мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Аудандық мәдениет сарайының тарихы

Аудан 1928 жылы құрылды. Аудандық мәдениет үйінің алғашқы қызметі 1978–1979 жылдары 1898 жылы салынған шіркеу ғимаратында жүзеге асырылды.

1991 жылы Аудандық мәдениет үйі балалар кітапханасының бір бөлмесіне орналасты. 1992 жылы колхоз «Расцвет» ғимаратының бір бөлмесіне көшірілді. Ал 1994 жылы Аудандық мәдениет үйі «Спутник» кинотеатрының ғимаратына орналастырылды.

Қазіргі Аудандық мәдениет сарайы орналасқан ғимарат алғашында 1960 жылы «Расцвет» колхозының мәдениет үйі ретінде пайдалануға берілген. Тоқырау жылдары бұл ғимарат жеке меншікке өтіп, ұзақ уақыт қаңырап бос тұрған.

2001 жылы нысан аудандық бюджетке қайтарылып, Аудандық мәдениет үйінің қарамағына берілді. Осы кезеңде ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мәдени мақсатта қайта пайдалануға берілді.

2012 жылы мәдениет үйінде қайтадан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша ғимарат салынып, 300 орындық жаңа көрермендер залы мен қосымша сахна пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Аудандық мәдениет сарайында 2 көрермендер залы және 2 сахна жұмыс істейді.

Мәдениет сарайы заманауи материалдық-техникалық базамен толық жабдықталған. Екі көрермендер залына ЛЕД экрандар орнатылып, түрлі-түсті жарық беретін заманауи жарық құрылғылары қойылған. Сонымен қатар концерттік іс-шараларды көркемдеу мақсатында жарық пушкасы, түтін шығаратын және шарик тарататын аппараттар, сапалы дыбыс мониторлары қолданылады.

Кәсіпорын Жарма ауданы әкімдігінің 1999 жылғы 09 наурыздағы № 302 қаулысына сәйкес құрылған.

2001 ж бастап –ШҚО облысы Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

17.09.2022 ж. - Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

14.01.2025 ж мекеменің атауы ресми түрде Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма аудандық мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма аудандық мәдениет сарайы» Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылында орналасқан,

Мақсаттар мен міндеттер:

1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен салттарды насихаттау және сақтау, оларды қазіргі тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу арқылы;

2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді ұйымдастыру, концерттер, ән және би мерекелерін, тұсаукесерлер, фестивальдар, конкурстар, байқаулар, концерттік бағдарламалар, айтыстар, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін өткізу, арқылы жүзеге асырады;

3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

4) мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығының озық тәжірбиесін, зерделеу, қорыту, көпшілікке тарату, оны енгізу және тарату;

5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға,фестивальдерге қатысу және арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

6) этномәдени бірлестіктерді қолдау;

7) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, түрлі мәдени акцияларды, ұлттық мәдениетттерді сақтауға және дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.

8) көркемдік ұжымдардың, ауыл клубтарының, халықтың бос уақытын өткізу орталықтарының, үйірмелердің, қызығушылықтары бойынша клубтардың, студиялардың, шеберханалардың, салондар мен дискотекалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

9) мәдени-бұқаралық жұмыстың жаңа нысандарын енгізу арқылы қол жеткізеді.

Құрылымы: «Жарма аудандық мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны аудан аумағындағы мәдениет ұйымдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс атқарады. Мәдениет саласының бірыңғай жүйесі аясында 2 мәдениет үйі және 14 ауылдық клуб бар.

Олар :

1. Шар қалалық Мәдениет үйі

2. Әуезов кенті Мәдениет үйі

3. Жаңғызтөбе кенті Мәдениет үйі

4. Жарма кент клуб үйі

5.Суықбұлақ кент клуб үйі

6. Белтерек ауылдық клуб үйі

7. Шалабай ауылдық клуб үйі

8. Аршалы ауылдық клуб үйі

9. Қаратөбе ауылдық клубы

10. Божығұр ауылдық округі

11.Үшбиік ауылдық клуб үйі

12. Жарық ауылдық клуб үйі

13. Қызылағаш клуб үйі.

14. Былқылдақ ауылдық клуб үйі

15. Бірлік ауылдық клуб үйі

16. Қапанбұлақ ауылдық клуб үйі

Мекеме тарапынан аудан көлемінде бірқатар ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар мен фестивальдер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, көркемөнерпаздар арасындағы «Абай елі – өнер кеніші» фестивалі, «Би әлемі» хореографиялық байқауы, «Айналайын» ән байқауы өткізілді.

Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрді, қолөнер мен отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Алтын оймақ», «Абысын-ажын» байқаулары, ұрпақтар сабақтастығын насихаттайтын «Кәсіппен өсиет» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Қоғамдық құндылықтар мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында QUIZ форматындағы интеллектуалдық ойын өткізілді. Бұдан бөлек, түрлі бағыттағы мәдени-танымдық, тәрбиелік мәні зор өзге де ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды.

Жетістіктері мен марапаттары:

Мекеме ұжымдары облыс әкімі тағайындаған ауыспалы «Өнер кубогын» 6 мәрте жеңіп алып, шетелге жолдамаға ие болған. Ұжымдар еліміздің барлық ірі қалаларында, сондай-ақ Ресей Федерациясында және Қытай Халық Республикасында өнер көрсетіп, халықаралық деңгейде өңір абыройын асқақтатты.

Сонымен қатар облыстың 19 ауданы мен қаласы арасында өтетін облыстық көркемөнерпаздар байқауында 9 мәрте бас жүлдені иеленген. Мекеме жанындағы халықтық өнер ұжымдарының қатарында Қазақстан Республикасының 39 мәдениет қайраткері мен мәдениет саласының үздіктері бар, бұл ұжымдардың шығармашылық әлеуетінің жоғары екенін айғақтайды.

Жарма ауданы бойынша

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» атағының иегерлері.

№ Аты-жөні Туған күні мен жылы Құрметті атағы,берілген күні Мемлекеттік /ведомстволық наградалар Жұмыс орны Қызметі Ескерту

(жұмыс істейді немесе зейнетте)

1 Даутов Аманжол Төлеубекович 11.05.1955 ж ҚР«Мәдениет қайраткері» 2001 ж.

ҚР «Құрмет ордені» ҚР «Парасат» ордені, ҚР «Ерен еңбегі үшін» ордені Аудандық мәдениет сарайы директор Зейнеткер

2 Ахмеджанова Арайлым Заманбековна 01.07.1974 ж ҚР «Мәдениет қайраткері Төсбелгісі 2008 ж. Аудандық мәдениет сарайы дирижер

3 Альчимбаева Дариға Курмановна

04.01.1965 ж ҚР«Мәдениет қайраткері» төсбелгісі

2006 ж

Аудандық кітапхана әнші

4 Маханова Күлмайра Сулейменовна 21.11.1968 ж ҚР «Мәдениет қайраткері»

2009 ж Аудандық мәдениет сарайы мәдени іс-шара ұйымдастырушы

5 Уалиева Мағрипа Шакеновна 07.09.1966 ж ҚР«Мәдениет қайраткері» төсбелгісі 2009 ж Аудандық мәдениет сарайы әнші

6 Берсугиров Миржан Мирашович 03.11.1964 ж ҚР «Мәдениет қайраткері»

2009 ж Аудандық мәдениет сарайы сырнайшы

7 Галиева Умітжан Токтагуловна 15.11.1944 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2008 ж әнші зейнеткер

8 Авгамбаев Қайрат Сапаргалиевич 10.03.1954 ж ҚР «Мәдениет қайраткері»

2022ж Аудандық мәдениет сарайы сырнайшы

9 Мусин Дүйсенғазы Мағауиянович 15.07. 1957 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2020ж

10 Таникенов Сейтқазы Хамзинович 12.04.1950 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2009ж (20 17 жылы қайтыс болған

11 Қонысбаев Нурбек Мухамеджанович 18.03.1942 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2009ж 2020 жылы қайтыс болған)

12 Зиябекова Бақыт Даукеновна 03.02.1978 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2006ж Алтынай балабақшасы (шығып кеткен)

13 Азаматов Нурбек Зейноллаевич 01.02.1958 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2011ж (2013 жылы қайтыс болған)

Мәденет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» атағының иегерлері.

№ Аты-жөні Туған күні мен жылы Құрметті атағы,

берілген күні Мемлекеттік /ведомстволық наградалар Жұмыс орны Қызметі Ескерту

(жұмыс істейді немесе зейнетте)

1 Аубакиров Толеуберді Оразгалиевич 01.03.1940 Мәдениет саласының үздігі 2019ж (20 19 жылы қайтыс болған

2 Асанова Маржан Алимхановна 20.08.1976 Мәдениет саласының үздігі 2018ж Аудандық мәдениет сарайы Бөлім басшысы Бөлім басшысы

3 Койлакова Кулаш Мухайтовна 17.12.1961 Ерекше еңбегі үшін 2014ж

(зейнеткер)

4 Нугуспанова Алтын Кенжетаевна 24.11.1958 Мәдениет саласының үздігі 2018ж (зейнеткер)

5 Рамазанова Динара Мадениетовна 28.07.1979 Мәдениет саласының үздігі 2014ж Аудандық мәдениет сарайы примашы

6 Галимова Лаура Айткельдыевна 01.12.1980 Мәдениет саласының үздігі 2014ж Аудандық мәдениет сарайы «Сұлуым» қыздар эстрадалық тобының жетекшісі

7 Кегенбаева Марал Манеповна 09.05.1977 Ерекше еңбегі үшін медалі 2019 ж Аудандық мәдениет сарайы Қобызшылар ансамблінің жетекшісі

8 Рысбек Жанбота 13.12.1983 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2017ж Аудандық мәдениет сарайы «Айқаракөз» фольклорлық этнографиялық халық ансамблінің жетекшісі

9 Даривхан Аманбек 11.12.1978 Мәдениет саласының үздігі 2014ж Аудандық мәдениет сарайы Бас домбырашы

10 Аубакирова Нурзейнеп Увалиевна 16.12.1955 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2019ж (қайтыс болған)

11 Кусаинова Нуркамал 02.07.1944 «Ерекше еңбек үшін» 2018ж Шар қалалық мәдениет үйі Хор жетекшісі зейнеткер

12 Артамбаева Эльмира Капанаевна 12.05.1978 Мәдениет саласының үздігі 2014ж (шығып кеткен)

13 Абдрасулов Кайдар 01.09..1971 Мәдениет саласының үздігі 2018ж (шығып кеткен)

14 Рахметова Жумабақыт Толышевна 10.03.1951 Мәдениет саласының үздігі 2019ж Аудандық кітапхана Ақындар сыныбының жетекшісі .(Зейнеткер)

15 Айгуль Мустафаева 04.07.1976 Мәдениет саласының үздігі 2021ж Аудандық мәдениет сарайы әнші

16 Абауова Лязат 26.12.1984 Мәдениет саласының үздігі 2021ж Аудандық мәдениет сарайы әнші

17 Әсем Кенжеханов 05.05.1979 Мәдениет саласының үздігі 2021ж Аудандық мәдениет сарайы әнші (шығып кеткен)

18 Ернұр Тоқтарғазин 11.09.1983 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2022ж Аудандық мәдениет сарайы әнші

19 Оразалина Айгерім 21.06.1989 ҚР «Мәдениет қайраткері»

2022ж Аудандық мәдениет сарайы қобызшы

20 Амангелді Әлия 11.05.1988 Мәдениет саласының үздігі 2018ж Аудандық мәдениет сарайы қобызшы

21 Габдулина Жансая ҚР «Мәдениет қайраткері» 2022ж

(шығып кеткен)

22 Шалжиен Тілектес ҚР «Мәдениет қайраткері»

2022ж зейнеткер

23 Урумбасаров Ғазиз 23.08.1950 Мәдениет саласының үздігі 2022ж зейнеткер

24 Смасейтова Алтын 20.08.1989 Мәдениет саласының үздігі 2019ж Көшіп кеткен

25 Терлікбаева Күміс 01.12.1967 Мәдениет саласының үздігі 2022ж Аудандық мәдениет сарайы домбырашы