“Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы„ коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
1. Руханият тарихы / Мекеме тарихы мен миссиясы «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 1945 жылы құрылды. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония — Абай облысының музыка мәдениетінің рухани символдарының бірі. Филармония тарихы 1945 жылдың қазан айында Семейде концерттік-эстрадалық бюро ашылған кезде басталады. 1965 жылы мекеме облыстық мемлекеттік филармонияға айналдырылды, ал 1969 жылы оған ұлы қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың есімі берілді. 13.10.2020 жылдан бастап Еңлік-кебек ғимаратын ШҚО қаржы басқармасының бұйрығына сәйкес «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның» КМҚК балансына берілді. Қазақ өнерінің қара шаңырағының бірі – облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының құрылғанына 80 жыл. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония — бұл тек концерт өтетін орын емес. Бұл — дыбыс арқылы ұлт жадын сақтайтын рухани сахна. Абай өңірінің мәдени- рухани жаңғыртушысы, мәдени шаралардың ордасы, қазақ өнерінің талай дарынды майталмандарының сарқылмас қайнар бұлағы. Ол музыкалық өнердің барлық бағыттары мен жанрларын біріктіреді. Облыстағы ең маңызды концерттік гастрольдік ұйымдардың бірі Орталық басшысы – Тұрсынбек Секен Кәрімұлы! 2. Қызмет бағыты / Негізгі жұмыс бағыты Филармония әртістерінің репертуарында аспаптық және вокалдық шығармалардың алуан түрлілігі, әр түрлі жанрлар мен стильдегі әсем билер бар, олар әр жастағы және ұрпақ аудиториясына жол табады. Сондай-ақ, Абай облысында, шақырылған қонақтардың қатысуымен өтетін көптеген байқаулар, фестивальдар, концерттер, шығармашылық кештер филармонияның көрермендер залында және өнерпаздарымыздың тікелей қатысуымен өтуде. Мәдениет және өнер саласындағы қызметті жүзеге асыру. Музыкалық-эстетикалық тәрбие, жоғары көркемдік шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жасау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, кәсіби көркем ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру. 6.Негізгі жобалары мен тұрақты іс-шаралары: Халықтың рухани құндылықтары мен мәдени тәрбиесін қалыптастыру мақсатында филармония әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындау және шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал ету үшін жағдай жасайтын іс-шараларды (концерттер, конкурстар, фестивальдер) жүзеге асырады. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония 2025 жылға жоспарланған іс-шараларды сәтті ұйымдастырып, өткізуде. Жыл бойына халықаралық, Республикалық және аймақтық деңгейде түрлі форматтағы мәдени іс-шаралар жүйелі түрде өткізілді. Жыл басында алға қойылған жаңа мақсаттар орындалып, жүзеге асырылғанын. Кәсіпорынның ақылы қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар: Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде гастрольдік-концерттік қызметті ұйымдастыру, жүргізу, әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркемөнер ұжымдары мен жекелеген орындаушыларды танымал ету үшін кешенді шараларды іске асыру; сценарийлер әзірлеу және қойылым жұмысы; сахналық костюмдерді жалға беру; дыбыс-жарық аппаратурасы қызметін көрсету. 7. Шығармашылық / Мәдени және көркем өмір Филармония Абай өңірінің мәдени- рухани жаңғыртушысы, мәдени шаралардың ордасы, қазақ өнерінің талай дарынды майталмандарының сарқылмас қайнар бұлағы. Филармонияның «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрі халқының әндерін, күйлерін орындаумен басқа орыс, шетел композиторларының озық шығармаларын және әлемдік классикалық шығармаларды кең көлемде насихаттап келеді. Оркестр гастрольдік сапарларымен Франция, Венгрия, Ресей, Түркия елдерінде өнер көрсеткен. Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қысқа мерзім ішінде көптеген концерт өткізіп, шетелдік гастрольдерге шығып, халықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленіп үлгерді. Атап айтар болсақ: "Жаңа sound", "Әлемнің жарығы", "Ертіс sound", "Әдемі-ау", "Бәріненде сен сұлу", "Жан тербетер әуен" сынды жеке имидждік концерттік бағдарламалар өткізді. «Дала үні» акапелласы Алматы, Астана және Павлодар қалаларына гастрольдік сапарларымен жол тартқан. 2022 жылы желтоқсан айында ансамбль «Дала үні» атты жеке шығармашылық концертін өткізген. “Дала сазы” этно - фольклорлық ансамблі Францияның Кунфолен, Гюгант, Клиссон, Блан қалаларында, 2016 жылғы шілде-тамыз айларында Португалияның Синфайш және Гимарайш қалаларында өткен Әлем елдерінің «Мәдениет және дәстүр» атты бес бірдей Халықаралық фестивалге қазақ елі атынан қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. «Тұмар» би ансамблі Қазақстан мен Ресейдің үлкен сахналарында өнер көрсетті, Татарстан Республикасы, Қазан қаласында Абай облысын таныстырды. Омаровтар дуэті Португалия, Франция, Чехия, Түркия, Қытай, Ресей, Моңғолия елдеріне гастрольдік сапарларымен барып, қазақ халқының мәдениеті мен өнерін лайықты танытты. 3. Мәдени инфрақұрылым / Инфрақұрылым мен жағдай Мекеме Абай облысы, Семей қаласындағы Тәңіберген 3А мекенжайында орналасқан. Ғимаратта заманауи дыбыс жазу студиясы бар. Жөндеу және жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде, техникалық база жыл сайын жаңартылып келеді. Шығармашылық ұжым- 148 адам Әкімшілік- 32 адам 4. Медиа және визуал / Медиа және көрнекі материалдар Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының барлық іс-шараларынан сапалы фото және бейнематериалдар жинақталады. Бұл материалдар порталға қолдануға ұсынылады. Мекеменің логотипі мен фирмалық стилі бар, әлеуметтік желілерде ресми парақшалары (Facebook, Instagram) және медиа әріптестік байланыстары орнатылған. 5. Болашақ жоспарлар / Даму бағыттары мен идеялар Мекеме жаңа форматтағы концерттер, мәдени фестивальдер, конкурстар, гастрольдік концерттер жобаларын дамытуды көздейді. 2026 жылға арналған республика аумағындағы концерттік-гастрольдік картасы Қостанай облысы қыркүйек айлары. 2026-2027 маусымның ашылу концерті қыркүйек-қазан айлары. Маңғыстау облысы Атырау облысы Ақтау облысы Орал облысы 8.Қоғаммен байланыс / Қоғаммен өзара әрекет Жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани тәрбиесін дамыту мақсатында жастармен және мәдени мекемелермен белсенді түрде жұмыс жүргізіледі. Тұрақты түрде мерекелік шараларға, концерттік бағдарламаларға қатысып, барлық мәдени іс-шараларда, қайырымдылық акцияларында көмектерімізді аямаймыз. Шығармашылық ұйымдармен тұрақты түрде тәжірибе алмасуды жүзеге асырып жатырмыз. Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның даму бағыттары мен идеялары: 1. Ұлттық мұраларды сақтау және дамыту: Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен өнерін насихаттау, Әміре Қашаубаевтың өнерін жаңғырту және халықаралық деңгейде таныту. 2. Жаңа шығармашылық жобалар: жергілікті және шетелдік әртістермен бірлесе отырып, жаңа концерттік бағдарламалар мен жобалар іске асыру. 3. Заманауи технологияларды қолдану: онлайн концерттер, виртуалды шындық және мультимедиялық көрсетілімдер арқылы көрермендерге қол жетімділікті арттыру. 4. Жас таланттарды қолдау: жас орындаушылар мен композиторларды дамыту, оларды халықаралық сахнаға шығару үшін жағдай жасау. 5. Әлеуметтік және мәдени байланыстарды кеңейту: басқа мәдени мекемелермен, шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық орнату, мәдени алмасу бағдарламалары ұйымдастыру. 6. Білім беру және оқыту бағдарламалары: музыка мектептері мен студиялар арқылы жас буынға кәсіби білім беру және шеберлікті жетілдіру. 7. Инфрақұрылымды жаңарту: концерт залдарын және техникалық базаны заманауи талаптарға сай жаңарту. 9. Ұсыныстар / Пікір мен ұсыныс Орталықтың ұсынысы – «Руханият» порталын өңір мәдениетінің бірыңғай цифрлық қазынасына айналдыру. Барлық мәдени мекемелердің архиві, жобалары және шығармашылық өмірі бір жүйеде көрініс тапса, бұл – ел руханиятын сақтаудың маңызды қадамы болмақ. Идеалды мәдени портал – тек ақпарат алаңы емес, рухани тәжірибе мен мәдени сабақтастықтың цифрлық айнасы болуы тиіс.