Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

“Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы„ коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1. Руханият тарихы / Мекеме тарихы мен миссиясы

«Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2023 жылы құрылды.

Мекеме – жаңадан құрылған Абай облысының мәдени кеңістігін дамыту мақсатында мәдениет саласының құрылымдық жүйесіне енгізілген маңызды ұйымдардың бірі.

Орталық басшысы – Сұлтанов Ерлан Маратұлы!

Құрылу кезеңінен бастап орталықтың басты мақсаты – өңірдің мәдени және рухани әлеуетін арттыру, халық шығармашылығын дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

Мекеме Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сынды ұлы тұлғалар мекен еткен қасиетті өңірдің рухани мұрасын заманауи форматта насихаттауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді.

Бүгінгі таңда орталықтың философиясы – «Халықтың рухани болмысын сақтау және оны шығармашылық арқылы жаңғырту».

2. Қызмет бағыты / Негізгі жұмыс бағыты

Орталықтың негізгі қызмет бағыты – мәдениет және халық шығармашылығы саласын дамыту, мәдени-ағартушылық жобаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Мекеме өңірдегі барлық аудандық және қалалық мәдениет үйлері мен клубтық мекемелердің жұмысын үйлестіреді, халық өнер ұжымдарының дамуына әдістемелік және шығармашылық қолдау көрсетеді.

Негізгі жобалары мен тұрақты іс-шаралары:

• «Абай елі – өнер кеніші» облыстық халық өнерпаздарының фестивалі;

• «Асыл Мұра» ұлттық қолөнершілер байқауы, жыл сайын дәстүрлі түрде облыстық, республикадық деңгейде өткізіліп келеді.

• «Ашық микрофон» жобасы, қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған бірегей мәдени жоба.

• Халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі өнер байқаулары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

• «Art Open» би байқауы.

• Елімізіге танымал өнер майталмандарының шеберлік сабақтары жүйелі түрде, жергілікті өнерпаздар үшін арнайы өткізіліп келеді;

Орталықтың ерекшелігі – дәстүрлі өнер мен заманауи мәдени үрдістерді ұштастыра білуінде, сондай-ақ облыстың мәдениет жүйесін цифрландыруға бағытталған жаңа жобалар дайындауында.

3. Шығармашылық / Мәдени және көркем өмір

Орталықтың шығармашылық бағдарламалары өңір халқының рухани сұранысын өтеуге бағытталған. Халықтық өнер, ұлттық музыка, театрландырылған көріністер және заманауи сахналық бағыттар арқылы қалыптастырылады.

Мекеменің визиттік жобаларының қатарында:

• «Абай әлемі» әдеби-музыкалық композициясы,

• «Желсіз түнде жарық ай» гала-концерті,

• «Адамзаттың Абайы» республикалық ақындар айтысы бар.

• Абай әндерін жаңаша бағытта насихатталуына арналған «Cover Show» музыкалық танымдық жобасы

• «Ұрпақтан ұрпаққа» облыстық өнер байқауы

• «Руханият - 2025» Абай облысы әкімінің мәдениет қызметкерлеріне арнайы сыйлығы

• Креативті индустрияны дамытуға арналған «Briliant Magic Show» дизайнерлік сән көрсетілімі

• Ұлттық домбыра күнін насихаттауға арналған «Мұрагер» дәстүрлі өнер жобасы

4. Мәдени инфрақұрылым / Инфрақұрылым мен жағдай

Мекеме Абай облысы, Семей қаласындағы Қарағайлы 77 мекенжайында орналасқан. Ғимаратта заманауи дыбыс жазу студиясы бар. Жөндеу және жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде, техникалық база жыл сайын жаңартылып келеді.

5. Медиа және визуал / Медиа және көрнекі материалдар Орталықтың барлық іс-шараларынан сапалы фото және бейнематериалдар жинақталады. Бұл материалдар порталға қолдануға ұсынылады.

Мекеменің логотипі мен фирмалық стилі бар, әлеуметтік желілерде ресми парақшалары (Facebook, Instagram) және медиа әріптестік байланыстары орнатылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында орталықтың қызметі туралы мақалалар мен сұхбаттар тұрақты жарияланып тұрады.

6. Болашақ жоспарлар / Даму бағыттары мен идеялар

• Өңіріміздегі көркемөнерпаздарың біртұтас шығармашылық желісін құру;

• Жастар шығармашылығын дамытуға арналған бірегей жобаларды іске асыру;

• «Руханият әлемі» порталы арқылы облыстық мәдени мұраны кеңінен таныту.

Мекеме жаңа форматтағы концерттер, мәдени фестивальдер мен цифрлық контент жобаларын дамытуды көздейді.

7. Қоғаммен байланыс / Қоғаммен өзара әрекет

Орталық халықпен, жастармен және мәдени мекемелермен белсенді жұмыс жүргізеді.

Қала/аудан өнерпаздары ауқымды мәдени іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді.

8. Ұсыныстар / Пікір мен ұсыныс

Орталықтың ұсынысы – «Руханият» порталын өңір мәдениетінің бірыңғай цифрлық қазынасына айналдыру.

Барлық мәдени мекемелердің архиві, жобалары және шығармашылық өмірі бір жүйеде көрініс тапса, бұл – ел руханиятын сақтаудың маңызды қадамы болмақ.

Идеалды мәдени портал – тек ақпарат алаңы емес, рухани тәжірибе мен мәдени сабақтастықтың цифрлық айнасы болуы тиіс.