«Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының лингвистикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Абай облысының лингвистикалық орталығы» КММ қызметі туралы анықтама
Орталықтың тарихы мен құқықтық негізі
«Абай облысының лингвистикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында бірнеше қайта құру кезеңдерінен өтті:
• 2013 жылғы 12 сәуір: «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» болып ашылды.
• 2015 жылғы 2 сәуір: «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» ЖШС болып қайта құрылды.
• 2017 жылғы 3 шілде: «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ мәртебесін алды.
• 2023 жылғы 3 ақпан: Абай облысы әкімдігінің №24 қаулысымен «Абай облысының лингвистикалық орталығы» КММ болып қайта жасақталды.
Материалдық базасы: Орталық Семей қаласы, Абай көшесі 97 және 86 мекенжайларында орналасқан. Жалпы ауданы — 99,39 шаршы метр.
Негізгі миссиясы мен қызмет бағыттары: Орталықтың басты мақсаты — Абай өңіріндегі этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және көптілді тұлға қалыптастыру.
Негізгі қызмет түрлері:
1. Мемлекеттік тілді екінші және шет тілі ретінде оқыту.
2. Орыс және ағылшын тілдерін үйрету.
3. Тіл білімі бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
4. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тілдік құзыреттілікті бағалау.
5. Мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындарына, сондай-ақ шетелдегі қандастарға тілдік курстар ұйымдастыру.
Іс-шаралар мен дәрістер: Лингвистикалық орталықтың қызметкерлері
мемлекеттік, бюджеттік және акционерлік қоғам қызметкері мен қала тұрғындарына, шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөнінде қандастарымызға мелекеттік тіл мен шет тілдерді оқыту курсын өткізеді.
Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруде озық технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жүйелі жұмыстар атқарады. Қазіргі таңда 4 және 9 айлық курстарды меңгеріп шыққандарға деңгейлеріне сәйкес куәліктер мен сертификаттар береді.
Сонымен қоса жұмыс барысында оқыту процесімен ғана шектелмей, мемлекеттік мерекелер мен атаулы даталарға байланысты төмендегідей көпшілік шаралар өткізді. (квиз, республикалық форум, облыстық байқаулар, дөңгелек үстел, танымдық сабақ, ақпарат жинау және бөлісу жұмысы, диктант жазу іс-шарасы, бейне конференция, онлайн семинар, ақпараттық сабақ, мәнерлеп оқу сайысы, үш тілді полиглот сайысы, мақала, слайд-шоу, видео құттықтаулар, сауалнама, сайыс сабақ, саяхат сабақ, ақпараттық сағат, тренинг, олимпиада, эссе, отырыс, сұхбат беру, түсінік жұмысы, акция, кездесулер, видео-ақпарат ҚАЗТЕСТ сынаға ұйымдастырылады өткізеді.
Заманауи технологиялар және қоғамдық белсенділік
Орталық заманауи цифрлық форматтарды белсенді қолданады:
• Ресми веб-сайт және Instagram, Facebook парақшалары жұмыс істейді.
• ЖИ (жасанды интеллект) технологияларын кәсіби қызметте қолдану бойынша семинарлар өткізіледі.
• «Абай QUIZ» республикалық зияткерлік сайысында орталық командасы 180 қатысушының ішінен 9-орынды иеленді.
Қызметтің негізгі көрсеткіштері: «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының лингвистикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметтің негізгі көрсеткіштері (01.01.2026 ж. жағдай бойынша)
2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылдың басына сәйкес курстарды 1046 тыңдаушы аяқтады:
• Мемлекеттік тіл: 620 тыңдаушы.
• Ағылшын тілі: 326 тыңдаушы.
• Орыс тілі: 100 тыңдаушы.
ҚАЗТЕСТ нәтижелері: 2025 жылы диагностикалық сынақтан 679 адам өтті. Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, В1 деңгейін меңгергендер — 39%, В2 деңгейі — 45% құрады.
Кадрлық әлеует және жетістіктер: Мекемеде 16,5 штаттық бірлік жұмыс істейді, оның 10,5-і — оқытушылар. Қызметкерлердің 94%-ы жоғары білімді.
Лингвистикалық орталықтың барлық қызметкерлері уақытында қайта даярлау курстарынан өтіп, облыстық және республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарлар мен форумдарға белсенді қатысады. Олар өз біліктіліктерін үнемі арттырып, тиісті сертификаттар алып отырады.
Атап айтқанда, орталық мамандары мен оқытушылары Астана қаласындағы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілін оқытудың Назарбаев Университеті тәжірибесі» атты онлайн дәрістер цикліне қатысып, кәсіби біліктіліктерін шыңдады.
Сондай-ақ, Алматы қаласының Мемлекеттік тілді дамыту институты ұйымдастырған «Мемлекеттік тілді білудің сатылары мен деңгейлерін бағалау жүйесі» атты республикалық конференцияға қатысты. Семинар барысында ҚАЗТЕСТ жүйесінің артықшылықтары, тест тапсырмаларының құрылымы, тіл меңгеру деңгейлерін бағалаудың заманауи әдістері мен автономды жүйелердің үйлесімділігі сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
2025 жылғы 14–16 мамыр аралығында «Тіл-Қазына» орталығы ұйымдастырған «Лексика-грамматикалық минимум әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы 36 сағаттық республикалық онлайн семинарға қатысып, нәтижесінде Л. Серікболова, Д. Төлеужанова, А. Тұрсынова, Ж. Ботаханова және Ж. Қалиакбаров арнайы сертификаттарға ие болды.
2025 жылдың 17–18 желтоқсанында «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының» ұйымдастыруымен «ЖИ (жасанды интеллект) технологияларын мәдениет, музей, архив және тіл салалары қызметкерлерінің кәсіби қызметінде қолдану» тақырыбында семинар өтті. Онда заманауи цифрлық тәсілдер бойынша теориялық және практикалық білім алған орталық мамандары мен оқытушыларына сертификаттар табысталды.
2025 жылғы маңызды марапаттар мен жетістіктер:
• Л.С. Серікболова: «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
• С.А. Капакова: «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері атанды.
• Ж.А. Ботаханова: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатын алды.
• Мекеме жетістігі: «Жыл үздігі-2025» салтанатында «Цифрлық және инновациялық жобаларды жүзеге асырушы үздік мекеме» номинациясын иеленді.
«Түйіндей келгенде, Абай облысының лингвистикалық орталығы — өңірдегі мемлекеттік тіл саясатын жүйелі жүзеге асырушы, заманауи әдістемелік және цифрлық инновацияларды еркін меңгерген іргелі мекеме. Орталықтың білікті кадрлық құрамы мен нәтижелі көрсеткіштері мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп қана қоймай, қоғамда көптілді мәдениетті қалыптастыруға және «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тілдік біліктілікті халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге елеулі үлес қосып келеді. Мекеменің «Жыл үздігі-2025» номинациясын иеленуі — оның аймақтың рухани-мәдени дамуындағы стратегиялық маңыздылығының айқын дәлелі.»