Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының “Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі„ коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының “Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі„ коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Пушкин көшесі, 108 +7 7222 35 3909, +7 7222 35 4964, muznevz@yandex.ru

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі 1985 жылы құрылды. Қазіргі күні Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинақтаған ірі орындардың бірі. Музей коллекциясы салыстырмалы түрде шағын болғанымен, құрамы мен көркемдік құндылығы жағынан өнерсүйер қауым үшін де, кәсіби мамандар үшін де айрықша қызығушылық тудырады.

Музейдің жинақтау қызметінде Қазақстан бейнелеу өнері коллекциясы ерекше орын алады. Өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап музей еліміздің жетекші суретшілері және өнертанушыларымен тығыз байланыс орнатып, соның нәтижесінде біздің Республикамыздың бейнелеу өнерінен хабардар етерлік коллекция жинақталды. Музей қорында 5500-дей өнер туындысы бар болса, соның 2500 –ден астамы Қазақстандық бейнелеу өнері жайлы баяндайды.

Экспозицияда XVIII ғасыр аяғындағы XX ғасыр басындағы орыс өнерінің даму жолы жеткілікті жан-жақты көрсетілген. XVI ғасыр аяғы XX ғасыр басына жататын Еуропа өнері кескіндемесі мен графикасының шағын бөлімі де зор қызығушылық тудырады.

Музей экспозициясы XX ғасырдағы Ресей, Орта Азия, Грузия, Армения, Беларусь өнерімен аяқталады.

Музейдің бітім болмысын революцияға дейінгі орыс өнері айқындайды. Экспозицияда орыс көркемдік мәдениетінің дамуын айқындаған ірі шеберлердің шығармалары ұсынылған. Бұған 1988 жылы Невзоровтар отбасының музейге тартқан тартуы мұрындық болды. Юлий Владимирович Невзоров пен оның жұбайы Антонина Михайловна, қызы Юлия Юрьевна 500-ден астам орыс, кеңес, шетел өнері туындыларын сыйға тартты.

Невзоровтар отбасының жинағының тарихын тереңнен, сонау XIX ғасырдан бастайды. Ю.В. Невзоров атасы мен әкесінен мұра болып қалған картиналарын толықтырып, байытты. Қазіргі экспозиция келбетіне Юлий Владимирович өзі үлесін қосты. Пассионар, қажымас коллекционер, өнерді нәзік әрі жоғары бағалай білетін жан, көптеген жылдар жинақталған материалдарын жүйелеп, күллі мәліметті музей қорына тапсырды, осылай ғылыми зерттеушілік көмегін көрсетті. 1991 жылы музейге Невзоровтар отбасы атауы берілді.

1995 жылы Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ю. В. Невзоров «Парасат» орденімен марапатталды.

Алғашқы күннен бастап, музей қорды жинақтаумен айналысты. Соның нәтижесінде музей қорына Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы жеке жинақтарынан орыс, шетел және қазіргі заман өнер туындылары келіп түсті.

Музей қызметкерлері үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Музейдің жаппай ағартушылық қызметі тек Абай облысымен ғана шектелмейді. Музей қорындағы көрмелер ел ордамыз Астана қаласында, сондай-ақ Алматы, Павлодар, Өскемен, Петропавл сияқты еліміздің ірі қалаларында және басқа да көптеген өңірлерде көрермендер назарына ұсынылды. Музейде лекторий, өнер сүйер қауымы клубы, ересек адамдарға арналған «Сурет салып үйренеміз» сабақтары жүргізіледі және балалар көркемсурет студиясы жұмыс істейді, концерт залында классикалық музыка кештері өткізіледі.

Музейдің реставрациялық шеберханасында кескіндеме шығармаларын қайта жанғырту жұмыстары іске асырылады.

Музей XIX ғасырдың 70-ші жылдарында бірінші гильдия көпесі Федор Степанов тұрғызған ғимаратта орналасқан. Бұл құрылыс XX-шы ғасырдың 10-шы жылдарында аяқталды. Көне ғимараттың интерьері музейге сәйкес шежіре тынысына, мүлгіген тыныштықа толы. Музейге келген өнерді бағалаушы жұртқа әдемілікпен сырласу қуанышын сыйларына кәміл сенеміз.