Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Umirkhanov Duman Serikovich

Умирханов Думан Серикович
Умирханов Думан Серикович Туған жылы мен жері: 1995 жылы 29 қаңтарында Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Білімі: арнайы орта Негізгі қызметі / бағыты: Театр саласы Жетістіктері, атақтары (бар болса): Қазіргі қызметі: «Дариға-ай» жастар театрының әртісі Умирханов Думан Серикович 2013 жылы Семейдің М.Төлебаев атындағы саз колледжінің «Актер өнері» факультетіне түсіп, 2017 жылы осы оқу орнын бітіріп шықты. 2015 жылы «Дариға-ай» жастар театрына актер болып қабылданды. Театрға келгеннен бастап Думан өзінің алғырлығымен, еңбекқорлығымен бірден көзге түсті. Ұжымда абыройлы және театрдағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Спектакльдер мен қойылымдардағы өзіне жүктелген рольдері өзінің кәсіби шеберлігімен алып шықты. Атап айтқанда: С. Маршак «Он екі ай» (ертегі) – Қаңтар; М. Шаханов «Танакөз» - Мұрат; Г. Хугаев «Итті баласы нмесе адамның аласы» - Қарға; У. Шекспир «Ричард ІІІ» - Стенли; М.Әуезов «Ғажайып трагедиясы» - Айдар; М.Липскеров «Қасқыр мен бұзау» - Қасқыр; «Бар қазаққа ән салдырған – Шәмші!» - Бодықов; Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Қодар; Айғайынды Гримдер «Бремен Музыканттары» - Король; Ж. Тәшенов «Монша» - Сарыбай; О.Бөкей «Жылымық» - Жан; М.Мақатаев «Қош махаббат» - Айбар; Б.Игілік «Құдай соқыр емес» - дәрігер; Д.Сейсенұлы «Маэстро» - Латиф Хамиди; М.Байжиев «Оқиға» - Сағын; О.Бөкей «Өз отыңды өшірме» - Қамбар; Бірнеше облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпазы. 2021 жылы Халықаралық театр күнінде «Екінші пландағы ең үздік Ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды; 2022 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының арнайы дипломымен марапатталды; 2023ж. Қарағанды қаласында өткен республикалық «Сын – шын болсын» атты театр фестивалінде Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектакліндегі Қодар ролі үшін «Екінші пландағы үздік актер» номинациясын иеленді; 2025 жылы Абай облысы маслихатының арнайы дипломымен, Семей қаласы әкімінің алғыс хатымен және басқа да марапаттардың иесі болып саналады. Думан Серікұлы театрда өзін режиссерлік қырымен де танытып, балаларға арналған қойылымдар, мерекелік композициялар, сондай-ақ Ш.Перроның «Сұлу мен құбыжық» ертегісін жаңа жыл мерекесіне орай біздің кішкентай көрермендерімізге арнайы сахналады. Думан Умирханов болашағынан үміт күттіретін, кәсіби шеберлігі шыңдалған, қазақтың көркем сөзін жете меңгерген үлкен сахна шебері бола алатын білікті маманның бірі. Отбасылы. Жары Дана екеуі бір ұл тәрбиелеп отырған өнерлі жанұя. Театр ұжымы Думанға үлкен сенім артады.