Kasenova Alina Kairatkyzy
Қасенова Алина Қайратқызы Туған жылы мен жері: 1996 жылы 29 сәуірде Семей қаласында туған. Білімі: Жоғары Негізгі қызметі / бағыты: Театр саласы Жетістіктері, атақтары (бар болса): Қазіргі қызметі: «Дариға-ай» жастар театрының әртісі Алина Қайратқызы 2013 жылы Семей қалалық сол жылы М.Төлебаев атындағы саз колледждің «Актер өнері» мамандығына қабылданды. 2017 жылы М. Төлебаев атындағы музыкалық училищесін аяқтады. 2018-2022 Бибисары Бейшеналиев атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтын актер бөлімі бойынша бітіріп шықты 2015 жылы Семейдің “Дариға-ай” жастар театрына артисі болып қабылданды. Сахнада актерлық шеберлігін шыңдап, үлкен актерлармен тәжірибе алмасып, жан-жақты білімін жетілдіріп, жақсы актер екенін дәлелдей білді. Алина Қайратқызы өзінің ізденгіштігімен, дарындылығымен, дауысының диапазоны кең, дикциясы таза лирикалық образдарға табиғаты жақын актриса ретінде қалыптасты. Сондай-ақ сахнадағы әр түрлі образдармен қатар поэзиялық композицияларда, мерекелік іс-шараларда, театрландырылған сахналық қойылымдарда өзінің жан-жақты дарын иесі ретінде көрермен көзайымына айналды. М.Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Ляззат Р.Ибраева «Бәйтерек» - Қайрат В. Дельмардың «Өкінішті өмір» - Рода Н.Мендебаировтың «Жүрек іздеген қуыршақ» - Жар тас М. Шахановтың «Танакөз» - Танакөз Г. Хугаев . «Иттің баласы немесе адамның аласы» - Көкшулан. Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында профессор Дариға Тұранқұлқызы, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. Театрдың репертуарындағы сахналық қойылымдарда, ертегілерде өз рольдерімен таныла бастады. Жұмысқа өте тиянақты, ізденгіш, болашағынан үлкен үміт күттіретін актрисаның бірі. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Қасенова Алинаның өнерге деген қызығушылығы қанынан дарыған. Себебі өзінің Ұлтай есімді апасы әнді керемет айтқан. Майра Ілиясовамен жас кездерінде бірге ән айтып, дос болған. Осы апасы еркелетіп әнмен тербеп өсірген қара қызы. 2002 жылы Семей қаласындағы номері 8 орта мектепке 1 ші сынып табалдырығын аттады. Қасенова Алина Мектеп қабырғасында жүріп вокал үиірмесіне қатысты. Мықты мықты воколист ұстаздардан тәлім алған. Мектептің бетке ұстар өнерпаздарының бірі болған. Республикалық, қалалық байқаулардың жеңімпазы, лауреаты, депломанты атанды. Сөйтіп 2013 жылы сол мектептің 11 сынып түлегі атанды. Сол жылы М.Төлеубаев атындағы музыкалық колледждің актер бөліміне қабылданды. Білім берген Ұстаздар Сахна тілі маманы Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Төлебаев Даурен Шәріпұлы, Ербол Жуаспек .Колледж қабырғасында Актер бөлімімен 2015 жылы Алматы қаласында өткен Өнер Колледждер арасындағы сайыстан 2 орын иеленді. 2016жылы Ақтөбе қаласында”Балауса” фестивальінде Танакөз қойылымымен “Ең үздік актёрлік ансамбль номинациясын иеленді. ”Танакөз” қойылымында бас кейіпкер Танакөзді Алина сомдады. 2016 жыл Өскемен қаласы “Танакөз” қойылымымен “Ең үздік поэтикалық спектакль” номинациясына иеленді. 2015 жылы өзінің өнерімен, дауысымен ұстаздарының көзіне түсіп студент болып жүріп “Дариға-ай жастар “театырына жұмысқа қабылданды. Ең алғашқы рөлі “Өкінішті өмір” қоиылымындағы Рода рөлі. ”12-Ай “Ертегісінде Өгей қыз рөлін сомдады. ”Танакөз”қоиылымында Зергүл рөлі және көпшілік сахнасында ойнады. ”Иттің баласы немесе Адамның аласы” қойылымында Көкшулан рөлін сомдады. ”Ричард”қойылымында Анна рөлін сомдады. ”Домбыраның сыйқырлы үні” ертегісінде көпшілік сахнасында ойнады. Режиссер Гаухар Адай қойған қоиылымдарда ойнаған. ”Бүртірлі жан” қоиылымында. ”Ғажайып трагедия” спектакльінде көпшілік сахнасында ойнады. ”Бремен музыканттары” ертегісінде Мысық рөлінде болды. ”Қызыл орамалды Шынарым” спектакльінде Әсел рөлін сомдады. ”Шәмші” спектакльінде көпшілік сахналарында және Сағыныш рөлінде. ”Жетім” спектакльінде анасы рөлін сомдады. ”Қозы Көрпеш-Баян сұлу” спектакльінде Тансық рөлін сомдады. ”Жеті лақ” ертегісінде лақ болып оинады. ”Қош махаббат” спектакілінде Айша рөлін сомдады. ”Шыбынбике”ертегісінде Шыбын рөлінде болды.” Өз Отынды өшірме” спектакльінде Дүрия рөлін сомдады. ”Жан пида” спектакльінде Ақ құртқа рөлінде. ”Ең әдемі келіншек” спектакльінде басты рөлде Гүлбаршын рөлін сомдады. ”Шәй ішеиік” спектактакльінде Толғанай рөлінде. ”Өкінішті өмір” спектакльінде Анита рөлінде. ”Құдай соқыр емес” спектакльінде Асель атты кейіпкерді сомдады. ”Сұлу мен құбыжық” ертегісінде Бэль рөлін сомдады.