Bakhtinov Amangeldy Talgatbekovich
Бахтинов Амангельды Талгатбекович Туған жылы мен жері: 1980 жылы 14 маусымда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті совхозы (Биғаш), Комсомол ауылында дүниеге келген. Білімі: Жоғары Негізгі қызметі / бағыты: Театр саласы Жетістіктері, атақтары (бар болса): Қазіргі қызметі: Семей қалалық мәдениет сарайының директоры Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы 1998-2001 Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің «Театр өнері» бөлімінің «Актер өнері» мамандығын профессор Д.Тұранқұлованың класынан үздік қызыл дипломмен бітіріп шықты. 2011 жылы Бибисары Бейшеналиев атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтын «Драмалық театрдың режиссеры» мамандығының «Режиссура» біліктілігін бітірді. Еңбек жолын 1999 жылдан Семей «Дариға-ай» жастар театрынан актерлық қызметінен бастады. 2008 жылғы ақпан айынан бастап Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры КМҚК директоры болып тағайындалды. 2014 жылдан бастап «Абай атындағы театр» КМҚК директорының орынбасары. 2022 жылдан 2026 жылға дейін «Абай атындағы театр» КМҚК директоры болды. Амангелді Талғатбекұлы өзінің ізденгіштігімен, білімімен, еңбекқорлығының арқасында театр, мәдениет саласын меңгеріп мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Актерлық шеберлігі жоғары, дауысының диапазоны кең, театр сахнасында бірнеше рольдерді сомдап өзінің актерлік шеберлігін шыңдады. Тәжірибесі мол актер ретінде классикалық образдардан бастап жағымсыз кейіпкерлерді кәсіби жоғары деңгейде сомдап көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жетістіктері: О.Бөкей атындағы республикалық көркемсөз шеберлері конкурсының екі мәрте лауреаты; 2004 жылы Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып дипломант атанды; Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік медалінің иегері; 2019 жылғы Семей қаласының әкімінің «Қалаға сіңірген еңбері үшін» төсбелісімен маратпатталды; Режиссер ретінде театр сахнасында Ш.Айтматовтың «Ақ кеме», У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектакльдерін, Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Алаш қайраткерлері, белгілі ақын - жазушылардың шығармашылығына арналған шағын композициялық қойылымдар қойды. Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай сахналанған «Шәкәрім. Жолсыз жаза» қойылымының сахналық нұсқасын жасады. Амангелді Талғатбекұлының басшылығымен «Дариға-ай» жастар театры ұжымы бірнеше республикалық және халықаралық фестивальдердің жеңімпаздары атанды. Атап айтсақ: Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінің лауреаты; Павлодар қаласында өткен аймақтық Ж. Аймауытовтың 125 жылдығына арналған театр фестивалінде «Патриоттық белсенділік» номинациясына ие болды; 2017 жылы Қазан қаласында өткен XIII «Наурыз» түрік халықтарының халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты; Ә.Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХV республикалық фестивалінің Гран-При иегері; Астананың 20 жылдығы мен көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған VII Орталық Азия елдерінің халықаралық театр фестивалінің «Ең үздік ер адам» номинациясының жеңімпазы; Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінің лауреаты; 2021 жылы Қазан қаласында өткен XIII «Наурыз» түрік халықтарының халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты; 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ә.Сығай атындағы «Сын шын болсын» атты республикалық театр фестивалінің 3-ші орын жүлдегері және көптеген облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары; Амангелді Талғатбекұлы театр ұжымының осындай жоғары дәрежедегі жетістіктерге жетуіне аянбай еңбек етіп келеді. Жас театр болса да, қазіргі таңда Республикаға танымал алдыңғы театрлардың қатарынан ойып тұрып орын алады. 2019 жылы «Дариға-ай» жастар театрының 20 жылдық мерейтойы үлкен республикалық деңгейде аталып өтті. Театр өнерінің абызы - Асанәлі Әшімов бастаған бір топ өнер қайраткерлері арнайы келіп, Ұлылар мекенінде тұңғыш ашылған жастар театры ұжымын жоғары бағалап, баталарын берді. Бұл да Амангелді Талғатбекұлының басшылығымен жасалған үлкен дүние. Басшы ретінде үлкен жауапкершілікті талап ететін, соған орай өз тарапынан қол астындағы қызметкерлерге де қолдауын аямайды. Театрдың үш актерына әкімшіліктен тегін баспана әперіп, әр актердың отбасылық жағдайына байланысты қосымша көмек қолын созып отырады. Амангелді Талғатбекұлы «Ақырын жүріп анық бас, еңбегі кетпес далаға» - деген ұстанымды ту еткен, отбасында ардақты жар, аяулы әке, ұжым алдында абыройлы, ұйымдастырушылық қабiлетi жоғары, жауапкершiлiгi мол басшы.