Toleukhanova Ryspube Akhmetkalievna
ТОЛЕУХАНОВА РЫСПУБЕ АХМЕТКАЛИЕВНА Туған жылы жері: 25.01.1949ж. Семей облысы, Мақаншы ауданы Білімі: арнайы орта Негізгі қызметі: театр саласы Жетістіктері, атақтары: ҚР Мәдениет саласының үздігі Қазіргі қызметі: артист Төлеуханова Рысбүбі Ахметқалиқызы 1949 жылы Семей облысы, Мақаншы ауданында дүниеге келген. Ол М.Әуезов атындағы театрдың актерлер даярлайтын студиясын сәтті аяқтап, Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрына қызметке келген. Актрисаның алғашқы театрлық қадамдары М.Сәрсекеевтің «Шыңғыс хиқаясы» спектакліндегі Рәпіш, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу» шығармасындағы Баян, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» спектакліндегі Ләззат пен Салиха, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Ұлжан, М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек» – Еңлік, «Айман-Шолпан» – Шолпан, «Қарагөз» – Мөржан, С.Шаймерденов «Әнім сен едің» – Сара, О.Бодықов «Үйленгім келмейді» – Ләйлә, Ж.Жұмақанов «Махаббат пен мансап» – Тұрған, Р.Сейсенбаев «Дағдарыс» – Жанар мен Гүлмира, Д.Исабековтің «Әпке» – Назила, «Кішкентай ауыл» – Ардақ рөлдерінен басталған. Осы рөлдер арқылы актрисаның шеберлігі шыңдалып, әр сахналық образ сайын өзіндік ойнау тәжірибесі қалыптасқан. Қандай роль болмасын, Рысбүбі Ахметқалиқызы өзіне сын көзімен қарап, жан-жақты дайындалатын өнерпаз болып шықты. Сонымен қатар, ол өзінің жинаған мол тәжірибесін кейінгі толқын жастарға үйретуден жалықпайтын қамқоршыл ұстаз ретінде де танылған. Сахнада ол О.Бөкеевтің «Өз отыңды өшірмеде» – Нұрке, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу» – Мақпал, М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» – Көклан, М.Әуезовтің «Қаракөз» – Текті құдағи, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» – Дәмелі, Ш.Мұртазаның «Домалақ-Ана» – Рух, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» – Башарот, З.Қыстаубайұлының «Арманның ақ шымылдығында» – Жұмагүл, Е.Төлеубайдың «Таланған тағдыр» – Ана, «Біздің ауыл осындайда» – Айтжамал, Т.Ибрагимовтің «Жаза-Наза» – Қамқа, «Жас Абай» – Ұлжан, Т.Жұртбаевтың «Құнанбай» – Қамқа, Ш.Айтматовтың «Боранды бекетінде» – Үкібала, Ө.Боранбаевтың «Сотанайдың соңғы үйленуінде» – Құралай, Н.В.Гогольдің және М.Әуезовтің «Ревизорында» – Дуанбасының әйелі, Б.Әлімжановтың «Қайран, кемпір-шалдар-айда» – Сәлсәбила, У. Ғаджибековтің «Аршын-Мал-Аланда» – Жаһан сияқты рөлдерді шебер сомдаған. Сонымен бірге ол М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Айман-Шолпан» – Шолпан, «Қарагөз» – Мөржан және Зейнеп, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Баян, Мақпал, Күнікей, Таңсық, «Ақан сері-Ақтоқты» – Дәмелі, Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» – Үкібала, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» – Кемпір, С.Шаймерденовтің «Әнім сен едің» – Сара, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» – Ләззат пен Салиха, «Әке мен бала» – Сания, «Күшік күйеу» – Гүлжамал, Ш.Мұртазаның «Домалақ ана» – Рух, С.Жүнісовтің «Қызым саған айтам» – Шәрипа, «Қысылғаннан қыз болдық» – Майра, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Ұлжан, Д.Исабековтің «Кішкентай ауыл» – Ардақ, «Әпке» – Назила, Н.В.Гоголь «Ревизор» – Анна, Ф.Эрве «Түлкі бикеш» – Карина, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Башорат, С.Сматаев «Тағдыр» – Гүлмира, М.Ибраев «Шәкәрім» – Мәженова, Ө.Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» – Құралай, Б.Әлімжанов «Қайран, кемпір шалдар-ай» – Сәлсәбила, М.Сәрсекеұлы «Шыңғыс хикаясы» – Рәпіш, О.Иоселиани «Тынысың тарылмасын» – Цаго, А.Сатаев «Ажал вагоны» – Кондрашина, О.Бөкей «Өз отыңды өшірме» – Нүрке, Ұ.Есдәулет «Қара пима» – Бибі апа, Ә.Әбішев «Белгісіз батыр» – Зура, Ш.Қамал «Қажы әпенді үйленеді» – Нағима, Р.Сейсенбаев «Дағдарыс» – Гүлмира мен Жанар, Ғ.Сапаев «Тойым – Той» – Қайша, З.Ақышев «Жаяу Мұса» – Жынды қыз, Ж.Жұмақанов «Махаббат пен мансап» – Тұрған, З.Қыстаубайұлы «Арманның ақ шымылдығы» – Жұмагүл, Т.Ибрагимов «Жас Абай» – Зере мен Ұлжан, Е.Төлеубай «Таланған тағдыр» – Ана, «Біздің ауыл осындайда» – Айтжамал, Лобозеров «Жындыханадан келген мейман» – Шеше, У.Гаджибеков «Аршын мал Алан» – Телли, Т.Гиззат «Башмағым» – Фахрия, З.Исмагилов «Құдаша» – Мақпуза, Р.Отарбай «Мұстафа Шоқай» – Мария, Т.Әбдікәкімұлы «Тыныштық дауысы» – Өлім жалыны, Б.Беделхан «Үш бәйтерек» – Жер ана, А.Сапышев «Керей-Жәнібек» – Алтын ханша, «Шарболат» – Рахима әже, Т.Әлжантегі «Періштелер жерде өмір сүрмейді» – Бибігүл, Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» – Қатша, Б.Абдураззаков «Айналайын» – Ана рөлдерінде өнер көрсетті. Театрдан тыс қала мәдениетінің өміріне де белсенді қатысқан Рысбүбі Ахметқалиқызы көркемсөз оқудың шебері ретінде «Құлагер әні» деректі фильмінде қатысып, ұлы Абай мен Қаракерей Қабанбай тойларында жүргізуші болып, ел құрметіне бөленді. Ол әрдайым Е.Обаев, Қ.Рахметов, Ш.Кәрібаев сынды режиссерлермен бірге қызмет атқарып, республика көлемінде танымал өнер қайраткерлерінен жылы лебізге ие болды. Әсіресе М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» спектакліндегі Көклан рөлі актерлік шеберлігінің шыңы ретінде бағаланған. Сондай-ақ, ол сыншылар жүлдесінен «Сахна абызы» номинациясын алған.