Ivachev Ivan Grigorievich
Ивачев Иван Григорьевич. 1893-1955
Змеиногорск уезі Зырян ауылында Зырян кеніші тау басқармасының техник-сызбашы Ивачёв Григорий Львовичтің отбасында дүниеге келген. Ол Колыван тас өңдейтін фабрикасының тастескіш-суретшілер әулетінен. Бірінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысына қатысушы.
Жамбыл Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына орайластырылған көрмені безендірген (Семей педагогикалық институты, 1946). 1940-шы жылдары Семей қаласындағы өнер ісі жөніндегі Басқармасында суретші қызметін атқарды, әуесқой суретшілер байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия құрамында болды. Ол «Көне Семей көріністері» суреттер топтамасы орындаған. Қалалық, республикалық көрмелерге қатысушы. Оның ішінде: Семей суретшілерінің көрмесі (Семей, 1925); бейнелеу өнері көрмесі (Қызылорда, 1926); Қазақстандағы алғашқы жылжымалы көрме (1928); 1 Мамыр меркесіне арналған Семей суретшілері жұмыстарының көрмесі (Семей, 1935); Қазақ КСР 30 жыл толуына арналған көрме (Алматы, 1950), Қазақстан суретшілерінің кескіндеме және графика жұмыстарының көшпелі көрмесі (1951, 1954, 1956). Қазақстан суретшілер Одағының кандидаты. Семей қаласында Абай атындағы әдеби-мемориалдық музейде кіші ғылыми қызметкер қызметін атқарған.
Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік көркемөнер музейі, Абай атындағы әдеби-мемориалдық музейінде сақталуда.