Rubinchik Olga Olegovna
Рубинчик Ольга Олеговна. 1971
Станокты майлы бояу кескіндеменің суретші-реставраторы. В. Шукшин атындағы Мемлекеттік Бийск педагогикалық университетінің көркем-графика факультетін бітірді (2008). Кескіндеме реставрациялау шеберханаларында: Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі (Алматы, 1994, 1997); И. Грабарь атындағы Бүкілодақтық көркем ғылыми-реставрациялау орталығы (Мәскеу, 2000), Мемлекеттік ғылыми-зерттеу реставрация институты (Мәскеу, 2004); Орыс мемлекеттік музейі (Санкт-Петербург, 2007) оқыды. Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференцияларға қатысқан. 1989 жылдан қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы. Оның ішінде: «Өнер орталығы» тәуелсіз суретшілер бірлестігінің ашылуына арналаған Қазақстандағы алғашқы аванград өнері көрмесі (Алматы, 1989); «Түнгі трамвай» құрамында «Перекресток» көрмесі (Алматы, 1989); «Кульминациялық жоба» (Өскемен, 1992); «Мен бүгін өмір сүремін» жастар көрмесі (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 1994); «Күзгі салон» жыл сайынғы Семей суретшілерінің көрмесі (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 1994, 1997, 2002, 2003); «Қылмыстық Репортаж» (Алматы, 1997); Халықаралық көркем жоба «Ұшқыш татар» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2006); «Шығыс Қазақстан суретшілері. Дәстүрлер және қазіргі заман» (Астана, 2011). «Құтқарылған суреттердің құпиясы» блиц-көрме (Астана, 2012) , «Достоевскийге арнау» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей 2011). 1988 жылдан бастап ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде жұмыс істейді. 1992 жылдан бері суретші-реставратор.