Tatiev Talgat Abykenovich
Татиев Талгат Абыкенович. 1966
Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген (1991). Облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде суретші-реставратор, бас қор сақтаушы қызметін атқарған. «САК» - Семей-АРТ-коллектив тобының (Е. және О. Махнолармен бірге) негізін салушы, 1997. Қазақстан және жақын жатқан шетелдерінде өткен көрмелер мен жобаларға қатысқан. 1994 жылдан бастап қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелер қатысушысы, олардың ішінде: «Күзгі салон» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі); «Мен бүгін өмір сүремін» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 1994); «Галереялар шеруі» көрмесі (Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі); «Жігер» жас суретшілер көрмесі, Алматы, 1998; «АРТ ФОРУМ НАУРЫЗ – 07» республикалық көрме, Астана, 2007; Қазақстан суретшілер Одағының республикалық көрмесі (ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Алматы, 2009); «Менің Қазақстаным» бейнелеу өнері туындыларының облыстық көрмесі (Бейнелеу өнері музейі, Өскемен, 2011); Қазақстан суретшілерінің республикалық симпозиумы («Кескіндеме» номинациясында 1 орын), Астана, 2011; «Өнер мен дизайндағы жаңалық» халықаралық көрме (Павлодар, 2014); Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Семей қаласы суретшілері туындыларының І, II, III көрме-конкурстары (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, 2013, 2014, 2016) және т.б. Жеке көрмелер: «Бұрылыс 29-километр» (Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейі, Семей, 2005); «Болмыс әуені» (Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейінде, Семей, 2006); «Өмірдің ақ жағында» (ШҚО өнер музейі, Өскемен, 2012); «Шынайылық пен қиял» (Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейі, Семей, 2016). 2003 жылдан бастап Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінде сызу және бейнелеу өнері кафедрасында ұстаз. Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі (2005 жылдан бастап). «Бейнелеу өнері» номинациясында «Мәдениет пен өнер дамуына үлес қосқаны үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы мен диплом лауреаты (2012). Туындылары Абай республикалық әдеби-мемориалдық музей-қорығында (Семей), ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелу өнері музейінде (Семей), Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейінде (Семей), ШҚО өнер музейінде (Өскемен), сондай-ақ Германия, Ресей, Қазақстанның жеке жинақтарында сақталған.