Shmidt Viktor Fedorovich
Талғат Төкенұлы. 1960-2014
Қолөнерші, график, монументші. Семей облысында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде ағашты көркемдік өңдеу бөлімін (1984); Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтында көркем-графика факультетін бітірген (1993). 1998-2000 жылдары М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінде көркемөнерпаз бөлімінде сабақ берген. Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі (1991). «Бейнелеу өнері» номинациясында мәдениет және өнерді дамытуға үлес қосқаны үшін Шығыс Қазақстан облысы Әкімі сыйлығының иегері (2004). Қазақстан суретшілер Одағының Астаналық бөлімі басқармасының мүшесі (2005 жылдан), төрағасы (2009-2010). «Шабыт» XII Халықаралық жастар шығармашылық фестивалі алқасының мүшесі (2009). 1985 жылдан қалалық, республикалық көрмелерге қатысушы. Оның ішінде: Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына арналған республикалық көрмесі, Алматы, 1985; Қазақстанның жас суретшілерінің республикалық көрмесі, Алматы, 1990; Қазақстанның педагогикалық институтының көркем-графика факультетінің профессор-оқытушылар құрамының туындыларының республикалық көрмесі, Алматы, 1990; «Қазақ КСР 70 жыл» республикалық көрмесі, Алматы, 1990. Қазақстан және басқа елдердегі музейлерінде, жеке коллекция жиюшы жинақтарында сақталуда.