Sheremetyeva Svetlana Grigorievna
Шмидт Виктор Федорович. 1960
Семей қаласында туған. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін (1983) бітірген. Невзоровтар отбасы атындағы Облыстық бейнелеу өнері музейінде экскурсовод болып, Облыстық тарихи-өлкетану музейінде суретші болып жұмыс істеген. Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы Облыстық драма театрында көп жылдар бойы бас суретшісі болды.
1986 жылдан бастап қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы. Солардың ішінде: Семей суретшілерінің есептік «Күзгі салон» көрмелері (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2002, 2003); Семей қаласының театр суретшілерінің көрмесі (Көрме залы, Семей, 1990); Семей қаласындағы алғашқы авангард көрмесі (Көрме залы, Семей, 1994); «Мен бүгін өмір сүремін» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 1994); «Тәңірі–Ұмай» халықаралық арт-фестивалі (Алматы, 2002); «Ұшатын татар» халықаралық көркем жоба (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2006); Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» көрме-байқауы (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2006); Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің 25 жылдығына арналған «Plein-air – 2010» халықаралық пленэр көрмесі (2010); «Достоевскийге арнау» халықаралық көркем жоба (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2011); «Невзоровтар отбасы атындағы музей еңбек адамына өз есігін ашады» көркем жоба (Семей, 2013); Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған Семей қаласы суретшілерінің I, III, IV, V көрме-байқаулары (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, 2013, 2016, 2018, 2021); «Еуразия-Арт» халықаралық көрмесі (Омбы, 2014); «Ұлы Жібек жолы» X халықаралық арт-симпозиумы (Елабуга, 2015); «Саяхат–Путешествие» халықаралық көрме жобасы аясындағы көрме (Омбы, 2015); Ф.М. Достоевскийдің 200 жылдығына арналған көрме (Новокузнецк, 2021); Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің 120 жылдығына арналған «Жаңа қаланың ескі келбеттері» көрмесі (ШҚО Невзоровтар әулеті атындағы бейнелеу өнері музейі, 2022); VII Халықаралық арт-симпозиум (Елабуга қ., 2022) және т.б.
Жеке көрмелері:
«Бейне» – Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет жылы аясында (Новосибирск, 2003);
«Виктор Шмидттің екі құпиясы» (Шығыс Қазақстан өнер музейі, Өскемен, 2007);
«Буратино көрмесі» (Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі, Семей, 2008);
«Табиғат аясындағы шахмат» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2010); «Суретшінің шеберханасында» – Халықаралық музейлер күніне арналған акция аясында (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, 2015);
«Ішке үңілу» (Шығыс Қазақстан өнер музейі, Өскемен, 2016);
«Өз есігіңді ашу» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2017); «Түс қажеттілікке айналғанда» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2020); «Аян» (Шығыс Қазақстан өнер музейі, Өскемен, 2022).
Шығармалары Қазақстан, Ресей, Украина, Германия және АҚШ-тағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы.
Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2019).
«Wir sind zusammen» фестивалі аясында өткен «Қазақстан немістерінің авангарды – 2023» байқауының жеңімпазы.
Қазақстан Суретшілер одағының «СХ РК-ның 90 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.