Utepbaev Nurbulan Nugymanuly
Өтепбаев Нұрбұлан Нұғыманұлы. 1951-2024
Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітірген (1973). 1991 жылдан Шәкәрім атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында сабақ берді, бейнелеу өнері және сызу кафедрасының профессоры. Қазақстан суретшілер Одағының (1997), Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі (2004). Қазақстан дизайнерлер Одағының Семей филиалының төрағасы (2004). 1986 жылдан облыстық, республикалық, халықаралық көрмелерге қатысушы. Дербес көрмелері Семей, Алматы, Павлодар, Өскемен, Астана қалаларында өткен. Семей облысы әкімінің «Өнер» қайырымдылық қорының стипендиаты (1996); «Бейнелеу өнері» номинациясында Семей және Шығыс Қазақстан облысының әкімдерінің сыйлығының иегері (2000, 2002); Семей қаласының елтаңбасы жобасының авторы (2002); Ыбрай Алтынсарин атындағы ҚР білім және ғылым министрлігінің және ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» (2009) төс белгілерімен марапатталған. Қазақ әлемді қорғау жөніндегі комитетінің Құрмет грамотасымен, Қазақ дизайнын дамытуда үлес қосқаны үшін «Қазақстан дизайнерлер Одағының 20-жылдығына» медальмен марапатталған. Ағайынды Жүсіпбек пен Кенжебек Даукеевтер атындағы Грант және Диплом иегері (2010); «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2011). «Шәкәрім» ғылыми-педагогикалық журналының көркем редакторы. Елуден астам ғылыми мақалалар, оннан астам оқу әдістемелік және альбомдар авторы. Жиырмадан астам ғылыми және публицистика басылымдарын, олардың ішінде: Ы. Мусин, М. Оспанов, Д. Сейсенов, Е. Сыдыков, Б. Ерсалимов, А. Исаханов, Т. Досаев, М. Малышеваның, В. Познанскийдің және т.б. шығармаларын көркемдеген.