Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Makarov Gumar Eskendiruly

Макаров Ғұмар Ескендірұлы

Макаров Гұмар Ескендірұлы. 1951

Кескіндемеші, ұстаз. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемөнер-графика факультетінде оқыған (1968-1972). 1972 жылдан бастап Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетте (бұрынғы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институты) жұмыс істеді. Профессор.

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі (2000 жылдан бастап). «Қазақстан-2000 Мастер-класс» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты; Қазақстан суретшілер одағының халықаралық Арт-симпозиумының дипломанты, Алматы (2010). «Қазақстан Республикасының білім үздігі» белгісімен марапатталған. 1972 жылдан бастап қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы, олардың ішінде: облыстық көрме залындағы Семей суретшілерінің есептеме көрмесі, Семей; Қазақстан педагогикалық институттарының көркемөнер-графика факультеттерінің профессор-ұстаз құрамының туындыларының республикалық көрмесі, Орал, 1983, Шымкент, 1985, Алматы, 1990; суретшілер Одағының орталық көрме залында Қазақстан суретшілерінің туындыларының республикалық көрмесі, Алматы, 1985; Қазақстан Тәуелсіздігінің 15-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» көрме-байқауы, Семей, 2006; «Туған жерім» Семей қаласы суретшілерінің туындыларының көрмесі, 2012; Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған Семей қаласы суретшілерінің туындыларының I, II, III көрме-конкурстары, 2013-2015; «Саяхат-Путешествие» халықаралық көркемөнер-көрме жобасы аясындағы көрме, Омбы, 2015, және т.б. Семей, Өскемен, Алматы, Астанада өткен бірнеше жеке көрмелер бар. Туындылары Қазақстан, Израиль. АҚШ, Германия, Түркия, Ресейдің көркемөнер музейлерінде және жеке жинақтарында сақталуда.