Sukhov Evgenii Viktorovich
Сухов Евгений Викторович. 1950-2019
Семейде кәсіби суретшілер Виктор Сухов пен Анна Несинаның отбасында дүниеге келген. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемөнер-графика факультетін оқып бітірген (1975). Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркем өнер кафедрасында аға оқытушы; Семейдің №1 Балалар көркемөнер мектебінде оқытушы және директор болып жұмыс істеген. Қалалық және облыстық көрмелер қатысушысы, олардың ішінде: «Күзгі салон» атты Семей суретшілерінің есеп беру көрмелері (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі); Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 15-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» көрме-конкурсы (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, 2006); Семей қаласы суретшілерінің «Туған жерім» атты туындалар көрмесі (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, 2012); Семей қаласы суретшілер туындыларының I, II, ІІІ көрме-конкурстары (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, 2013, 2014, 2016) және т.б. 2010 жылдан бастап Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі. Пейзаждар мен портреттер авторы. Ата-анасы (В. Сухов пен А. Несина ) Семейдің белгілі суретшілері, ұлы Александр Сухов Ф.М. Достоевский атындағы театрдың жетекші актері.