Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Kemelbaeva Aigul

Кемелбаева Айгүл

Кемелбаева Айгүл

Жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, эссеші Айгүл Жолдасбайқызы 1965 жылы 21 наурызда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы Құндызды ауылында туып-өсіп, 1982 жылы қазақ орта мектебін бітірген. 1984 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1987 жылы бітірді. Айгүл Кемелбаева алғашқы әдеби сыйлығын 18 жасында алған. Республикалық «Абай» журналында 11 жыл қызмет істеген.

1983 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған байқауда 2-орынды иеленді, нәтижесінде 1986 жылы «Жетінші құрлыққа саяхат» атты повесі жарық көрді.

1989-94 жылдары Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтының проза бөлімінде оқыды. 1996 жылы Сорос-Қазақстан-Дебют конкурсының лауреаты. 1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы құрметіне арналған творчестволық конкурста ІІІ орынды, 1998 жылы Жастар және Журналистер Одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығын иеленді.

1999 жылы Жазушыларға берілетін президенттік стипендияның иегері. 2000жылы Жастардың Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері болды.

2001 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Жазушыларға берілетін Президенттік стипендияны бірнеше мәрте алған.

2002-2003 жылдары Қазіргі заманғы Қазақстан романы аталған Сорос-Қазақстан қоры ұйымдастырған конкурс жүлдесі. 2003 жылы «Дала мен қала» апталық газеті жарияланған «Қаланың қысқа әңгімесі» атты бәйгенің бірінші жүлдесі, 2006 жылы Меценат Медғат Құлжанов қорының «Абай және ислам» әдеби конкурсының ІІІ сыйлығы, 2006 жылы «Баянауыл алтын белгісі» медалі, Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің әдеби сыйлығы, 2007 жылы Республикалық «Абай әлемі» конкурсының І жүлдесі, 2008 жылы Махмұт Қашқари конкурсының ІІ жүлдесі, 2012 жылы Қызылорда облыстық драма театра жариялаған республикалық конкурстың «Бұқарбай батыр» жүлдесінің иегері болды.

2001 жылы қараша айында өткен жас-ақын жазушылардың республикалық кеңесінде жазушы Д.Әшімханұлы былай деген еді: «Айгүл Кемелбаева әдебиетке 1980-жылдарда келді. Баспасөзде жаряланған шығармаларымен-ақ Айгүл көпшілікке кең танылған және сирек кездесетін талант ретінде бағаланған жазушы. Қазақ әдебиеті газетінде «Қоңыр қаз», «Ғибадат» атты екі әнгімесі қандай жазушы екендігін танытты. 2023 жылы Абай облысының әкімінің қолдауымен жүзеге асырылған «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында қаламгердің «Мұнара» жинағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді.

Тәуелсіздіктің он жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Премъер-Министрінің орынбасары И.Тасмағамбетовтың басшылығымен Айгүлдің «Тобылғысай» атты кітабы жарық көрді. Оның "Көкенай мен Ерғаламан" әңгімесі 2019 жылғы антологияға ағылшын тіліндегі аудармасына енгізілді. Қазақстан Журналистер Одағы мен Қазақстан Жастар Одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының және «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше Президенттік стипендия иегері. 2000 ж. - «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.