Magauin Mukhtar
Мағауин Мұхтар
(1940-2025)
Жазушы, филология ғылымдарының докторы, тарихшы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстанның халық жазушысы Мағауин Мұхтар Мұқанұлы Абай облысы, Аякөз ауданының Баршатас селосында 1940 жылы ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әдебиетке жакын болды. Бала Мұхтар халық ауыз әдебиетінің озық үлтілерін жаттап өсті. Ауыл қарияларының көкірек қоймаларын ашқызып, жүрегіне тоқи білді. Орта мектепті бітірер жылы мектеп пен ауыл кітапханасында ол оқымаған кітап қалмағанын жерлестері әңгімелеп отырады екен, Ұлы жерлестері, үлгі тұтар ағалары Абай мен Әуезов табынған сөз өнері Мағауинді 1962 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетіне алып келсе, 1965 жылы қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітірді. Сөйтіп алғыр жігіт ғылым жолына түсті. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасында, Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында, ҚазПи-де жұмыс істеді.
Мұхтардың көркем прозадағы тырнақ алды жинағы – «Ақша қар». (1969 ж.) мен «Бір атаның балалары» (1974 ж.) кітаптарымен көпшіліктің танымал жазушысына айналады. Осы кітаптарында ол адам жанының нәзік сырларын кейіпкерлердің өзіне аштырып, өмірді қолдан жасамауға, ойдан жокты бар етуге жаны қас, байыпты қаламгер келе жатқанын паш етті. Жинаққа кірген «Тазының өлімі» (1969), «Қара қыз» (1970) «Көк мұнар» романы (1971), т.б, жарияланды.
Мұхтар Мағауин прозасының дені – бүгінгі күн тақырыбы, кемелденген социализм дәуіріндегі озығымыз, құрметімізді дәріптеп, аяққа оратылған тозығымызды сынайды. Жазушының адам жанына терең бойлауының нәтижесінде, өмірді білу, адамдар арасындағы байланыстарды шеше білуі арқасында кейіпкерлерін бір-бірімен шатастырмайды. Қазы («Тазының өлімі»), «Көк мұнардағы» Кенжек, Едіге, Гүлшат, «Бір атаның балаларындағы» Ахмет қария, «Әйел махаббатындағы» Зия, «Қарақыздағы» Айгүл т.б. бейнелері жазушының суреткерлік биік мұратты заман ақиқатын ұлттық қасиет, ұлттық мінез диалектикасына ұштастыра алатындығының жарқын көрінісі.
1984 жылғы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымының докторы, жазушы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде көп еңбек сіңірумен қатар бірнеше көркем туындылардың авторы. Ол жазған «Қобыз сарыны» монографиясы (1968) және «Алдаспан» антологиясы (1970) көне дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеуге қосылған бағалы еңбектер. М. Мағауиннің 1984 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Аласапыран» атты тарихи диалогиясында қазақ және орыс халықтарының арасындағы достық қарым-қатынас арқау болады. Мұхтар Мағауин "Шыңғыс хан" деректі тарихи хикаясын жазуға аттай жеті жылын арнады. Жазушының шығармалары ТМД және шет ел тілдеріне аударылған.
«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы. Қаламгердің артында 30 томдық мол мұра қалды. Бұл мұра ұлттың шамшырағына айналары сөзсіз.
АҚШ-та 2025 жылдың 10 қаңтарында белгілі қазақстандық жазушы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды