Tashimova Nurziya Rakhimovna
Ташимова Нурзия Рахимовна.1963жылы қаңтардың 26-сы .Семей облысы, Қайнар ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары, Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институты, Көркем сурет бөлімін 1982-1987 жж.оқып бітірген. Қазіргі уақытта зейнетте, «Бір ауыл- бір өнім» жобасының финалисті, жеке кәсіпкер.
Заманауи киіз басу өнерінің шебері.Заманауи киіз басу шебері жұмыс барысында тазалық пен тәртіпке мән береді. Ол материалды үнемдеп қолданады және табиғи, экологиялық таза өнім жасауға ұмтылады. Әр бұйымды асықпай, мұқият орындап, сапасына жауапкершілікпен қарайды.
Шебер өз қиялын еркін пайдаланып, түстерді үйлестіре біледі, өрнек пен пішінді орнымен қолданады.Үнемі ізденісте жүріп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге талпынады. Сонымен қатар, заманауи киіз басу шебері ұлттық өнерге құрметпен қарап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.
Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері,Американдық ЮСАИД қолөнершілерін іріктеуімен Қазақстандық 10 шебер әйелдер құрамында.Халықаралық ЭКСПО -17; Көшпенділер ойыны, т.б.көптеген халықаралық, республикалық, облыстық көрмелердің қатысушысы және жеңімпазы.