Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Yelubaev Aidar Bolatkazyyevich

Елубаев Айдар Болатказыевич

Елубаев Айдар Болатказыевич-1970 жылы Абай ауданы, Орда ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Семей Университетінің көркем- сурет факультетін тамамдаған.

Қазіргі таңда Семей қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздық қызмет атқарып жүр. Жас ұрпақты қазақ халқының қолөнеріне баулып,шәкірт тәрбиелеуде. Айдар Болатқазыұлы ағаш, сүйек, былғары материалдарымен жұмыс жасап, ұлттық нақыштағы кәдесый бұйымдарын жасаумен айналысады. Қалалық, облыстық, Республикалық көрме-сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған, қалалық, облыстық, республикалық марапатардың иегері.

«Шығыс кәдесыйлары», «Алтай базары», Павлодар облысында өткен «Ұлы дала» фестивалінің бірнеше мәрте қатысушысы, Елордада 2010-2018 жылдардағы Астана күніне арналған іс-шара аясында өткен «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көрмеге қатысып,ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын ұсынып, марапатқа ие болған.2011 жылы

Астана қаласында өткен «Шығыс Қазақстан күндері» іс –шарасы аясында өткен көрмеге, сонымен қатар «ЭКСПО-17» көрмесінің қатысушысы. 2023 жылы Елордамыздың 25 жылдық мерейтойына арналған «Елорда базары» көрмесіне қатысып, Астана қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 2023 жылы Қонаев қаласында тұңғыш рет өткен республикалық «ШЕБЕР-FEST» көрме-фестивалінің қатысушысы. Абай облысы бойынша өткен «Асыл Мұра» қолөнер шеберлері сайысының жүлдегері. (2023ж.)