Besetaev Bauyrzhan Berkanuly
Бесетаев Бауыржан Берканұлы (13.02.1986) - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы. Ол Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді, ал 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі тарих факультетінің магистратура бөлімін бітіріп, «Сақ-скиф дәуіріндегі Шығыс Қазақстан көшпелілерінің ат-әбзелдер кешені» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғап шықты. Ғылыми қызығушылықтарының қатарына Ерте темір дәуірінің археологиясы (құрылысы, ғұрпы, табылған құндылықтар, діни көзқарастар, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы, ғұрыптық және діни көзқарастардың реконструкциялары, археологиялық жәдігердердің этнографиялық сабақтастықтары, Еуразияның ежелгі көшпелі халықтарының көшіп-қону мәселелері, палеоклиматтық ерекшеліктер, археологиялық ескерткіштерді сақтау). Ғылым мен білім саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы «Үздік Жас ғалым – 2021» төс белгісімен марапатталды.