Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Akynzhanov Musatai Bekbolatuly

Ақынжанов Мұсатай Бекболатұлы

Ақынжанов Мұсатай Бекболатұлы (09.05.1905-1986) – публицист, қоғам қайраткері, педагог-ағартушы, аудармашы, тарих ғылымдарының докторы.

Мұсатай Ақынжанов 9 мамырда Семей облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. 1925 жылы Семейдің педтехникумын, 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.

1925-1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған, республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған, облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс Энгельс Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған.

Тарихи және тарихиәдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді. «Исатай мен Махамбет», «Сырым Датов», «Бағытай – Бағила», «Фрунзе», «Жеңіс қамы», «Шопан қыз», «Алтын сақа», «Алтын алқап сырлары», «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.